БІЗ ТУРАЛЫ

«М.А. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институты» ШЖҚ РМК (ИМББ) Қазақстандағы молекулалық биология, молекулалық генетика, молекулалық медицина және биоинженерия бойынша жетекші ғылыми-зерттеу және консультативтік орталықтардың бірі болып табылады.

М.А. Айтхожин атындағы ИМББ қызметінің мақсаттары

Жарғыға сәйкес Институт қызметінің негізгі мәні ғылыми зерттеулер саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады. М.А. Айтхожин атындағы ИМББ қызметінің мақсаты адамның, жануарлардың, өсімдіктер мен микроорганизмдердің жалпы және молекулалық генетикасы мен жасушалық биологиясы саласында ғылыми зерттеулер жүргізу, қазіргі заманғы генетика мен жасушалық биологияның жаңа бағыттарын дамыту, медицина, экология және ауыл шаруашылығы үшін жаңа тиімді әзірлемелерді енгізу, генетикалық мониторингті қамтамасыз ету үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы бар әлемдік ғылымның жетістіктерін мониторингтеу және зерделеу, Қазақстан Республикасында диагностикумдар мен тест – жүйелерді әзірлеу болып табылады.

М.А. Айтхожин атындағы ИМББ құрылымы

Институтты Бас директор басқарады. Институт құрылымында әкімшілік-басқару бөлімшесі (кадрлар бөлімі, бухгалтерия, Ғылыми хатшы, жүйелік әкімші, әкімшілік-шаруашылық бөлім (АХЧ) және 7 зертхана бар:

  1. Ақуыз және нуклеин қышқылдары зертханасы
  2. Құрылымдық және функционалдық геномика зертханасы
  3. Геном зертханасы
  4. Молекулалық иммунология және иммунобиотехнология зертханасы
  5. Дәнді дақылдар биохимиясы зертханасы
  6. Биоинженерия және өсімдіктер зертханасы
  7. Өсімдіктердің сигналдық жүйелері зертханасы (уақытша консервацияланған)

Зертханалар жоғары деңгейде молекулалық-биология, генетикалық, иммунологиялық және биохимиялық зерттеулер жүргізуге арналған заманауи жабдықтармен жабдықталған. Сонымен қатар, Институтта жергілікті биоэтикалық комиссиясы, Ғылыми Кеңес, Директорат және Жас ғалымдар кеңесі тұрақты түрде өткізіледі.

 Ғылыми әлеует

Институттың ғылыми әлеуетін молекулалық және жасушалық биология, биотехнология, гендік инженерия, иммунобиотехнология, онкоиммунология, этно – және дербестендірілген геномика саласындағы жоғары білікті мамандар құрайды.

Институттың ғылыми қызметкерлерінің жоғары теориялық және әдістемелік дайындығы бар. Ғылыми әзірлемелердің әлемдік деңгейін қамтамасыз ету үшін жетекші шетелдік ғылыми орталықтарда, оның ішінде Швейцария, Ұлыбритания, Израиль, Германия, Франция, Венгрия, АҚШ, Чехия, Канада сияқты елдерде кадрларды тағылымдамадан өткізу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Show More
Close