Институт тарихы

Институт 1983 жылы Кеңес Одағы Коммунистік партиясының Орталық Комитеті және КСРО Министрлер Кеңесінің «Биология мен биотехнологияның жаңа бағыттарын одан әрі дамыту туралы» № 807 қаулысына, 24.01.1983 жылғы КСРО Министрлер Кеңесінің № 121 өкіміне, 22.02.1983 жылғы Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің № 83 қаулысына және 17.03.1983 жылғы Қазақ ССР Ғылым академиясы Президиумының № 40 қаулысына сәйкес Қазақстанда биологияның заманауи бағыттарын дамыту үшін құрылды. Институт Қазақстанда молекулалық биология (1968), биоинженерия – гендік және жасушалық инженерия (1986), молекулалық генетика (1989) және молекулалық медицина (1990), Ғарыштық биология және биотехнология (1991), молекулалық иммунология (1997), этно – және палеогеномика (1999), молекулалық альгология және қабаттық инженерия (2015) негізін қалаушы болып табылады. Институттың негізін қалаушы және бірінші директоры, талантты ғалым және ғылымды ұйымдастырушы, ҚазССР Ғылым академиясының Президенті – Мұрат Әбенұлы Айтхожин болды. 1968 жылы ол Қазақстанда молекулалық биологияның алғашқы зертханасын – ақуыз және нуклеин қышқылдары зертханасын құрды. 1976 жылы М.А. Айтхожин Ленин сыйлығына ие болды. 1988 жылдан 2019 жылға дейін Институтты көрнекті ғалым, ҚР ҰҒА академигі Нағима Әбенқызы Айтхожина басқарды. Оның жаңашыл көзқарастары мен Институттың жетекші ғалымдарының ғылыми әзірлемелерінің арқасында молекулалық биология және генетика, молекулалық медицина және иммунология, биохимия және биотехнология бойынша Қазақстанда жетекші ғылыми-зерттеу орталығы қалыптасты.

Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 34 бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 139 бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №70 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларының» 20-тармағына сәйкес, 2019 жылғы ақпаннан бастап, Институттың Бас директоры болып, биология ғылымдарының докторы, профессор Шарипов Камалидин Орынбайұлы тағайындалды

Айтхожин Мұрат Әбенұлы 1939—1987
Айтхожина Нағима Әбенқызы 1946—2020 ж.
Қонаева Рауза Меңліахметқызы 1934 ж.т.

Қылышев Лұқбан Қылышұлы

 

1909—1991
Ғылманов Мұрат Құрмашұлы 1942—2014
Дарқанбаев Темірбай Байбұсынұлы 1910—1987
Ысқақов Булат Кұдайбергенұлы 1951 ж.т.
Фурсов Олег Владимирович 1950 ж.т.
Беклемишев Анатолий Борисович 1946 ж.т.
Беляев Николай Николаевич 1953 ж.т.
Балмұханов Тимур Саимұлы 1956—2016
Show More
Close
Skip to content