Зертханасың қызметкерлері

Малахова Наталья Петровна

Өсімдіктер биоинженериясы зертханасының меңгерушісі

Биология ғылымдарының кандидаты

 

Телефон: +7 (727) 293-73-06

E-mail: tasha_malakhova@mail.ru

Малахова Наталья Петровна әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология факультетін үздік бітірген (1995 ж.). Өсімдіктердің молекулалық биологиясы және гендік инженериясы саласындағы маман, биотехнолог. 2010 жылы 03.00.03 – молекулалық биология мамандығы бойынша «Кейбір қорғаныс реакциясы гендерінің экспрессиясының салыстырмалы талдауы және бидай хитиназасының клондалған генінің құрылымдық сипаттамасы және оның экспрессиялық өнімі» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады.

Қазақстан Республикасы Президентінің жас ғалымдарға арналған жеке грантының иегері атанды, оның аясында Германияның Гамбург қаласындағы университетте биотехнология және молекулалық биология бойынша тағылымдамадан өтті. MCBN-UNESCO-ның жас ғалымдарға арналған жеке гранты аясында Гамбург университетінде (Германия) биотехнология және молекулалық биология бойынша ғылыми тағылымдамадан және MASHAV халықаралық ынтымақтастық орталығында (Тель-Авив, Израиль) өсімдіктерді қорғау бойынша тағылымдамадан өтті. Жалпы және функционалдық геномика және жүйелік биологиядағы геномдық зерттеулер бойынша, Рессейдегi «Геномика және жүйелік биология» молекулалық генетика бойынша VI Халықаралық жас ғалымдар мектебінде, біліктілікті арттыру курстарын аяқтады.

60-тан астам ғылыми еңбектердің авторы. 9 ғылыми гранттың жетекшісі. PhD-докторанттардың, магистранттар мен аспиранттардың ғылыми жетекшісі. Сәтбаев университетінің доценті. Силлабустардың, дәрістер мен тәжірибелік курстардың, биотехнология бойынша емтихандарға арналған тесттердің авторы.

2019 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет» грамотасымен марапатталды.

Тезекбаева Ботакөз Құлбаевна

Ғылым магистрі (агрономия)

Ғылыми қызметкер

Email: bota151283@mail.ru

Тезекбаева Ботагөз 2006 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «Биотехнолог селекционер» мамандығы бойынша бітірген. 2020 жылы «Агрономия» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды. 2014 жылы Беларусь Ұлттық ғылым академиясының Орман институтында оқып шықты.

Ғылыми қызығушылық саласы: Өсімдік биотехнологиясы, жасуша селекциясы, молекулалық биология.

Хасейн Алтын

Ғылым магистрі (биология)

Ғылыми қызметкер

Email: leogold24@mail.ru

Хасейн Алтын 2006 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетін химия-биология мамандығы бойынша бітірген. 2010 жылы биология мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды. 2012 жылы Беларусь Ұлттық ғылым академиясының Орман институтының генетика және биотехнология зертханасында тағылымдамадан өтті.

Ғылыми қызығушылық саласы: Өсімдік биотехнологиясы, жасуша селекциясы, молекулалық биология.

Дмитриева Карина Анатольевна

Бакалавр (биотехнология)

Лаборант

Email: karina_lbr98@mail.ru

Дмитриева Карина – Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық ғылыми-зерттеу техникалық университетінің биотехнология мамандығы бойынша түлегі (2019).

Ғылыми қызығушылық саласы: Өсімдік биотехнологиясы, жасуша селекциясы, молекулалық биология.
Show More
Close
Skip to content