Ғылыми жетістіктер

Зертханалық жетістіктері:

  • Сүйек кемігінің миелоидты супрессорлы жасушаларының (MDSC) иммунорегуляцияға қатысатындығы дәлелденді және оның молекулалық механизмі егжей-тегжейлі зерттелінді.
  • Ісікке қарсы иммуносупрессорлық белсенділікті ынталандыратын MDSC факторларының өнімдеріне негізделген ісік патогенезінің жаңа тұжырымдамасы әзірленді және тәжірибе жүзінде расталды, олар өз кезегінде ісікке қарсы иммунитетті тежейді және ісіктің өсуіне ықпал етеді. Осындай факторлардың бірі альфа-фетопротеин екені дәлелденген.
  • ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығымен бірлесіп, ишемиялық жүрек ауруларының коронарлық артерия айналмалы хирургиядан кейінгі жағдайының ауырлауының алдын алу үшін науқастың өз гемопоэтикалық бағаналы жасушалардың цитокиндерімен қозғау және белсенді күйге келтіру әдістерін жетілдірді. 
  • Альфа-фетопротеин мен адамның хориогонадотропинінің әртүрлі эпитоптарына қарсы моноклоналды антиденелер алынды. Стофилококк-энтеротоксина А және альфа-гемолизинге қарсы моноклоналды антиденелер алынды және осы негізде иммуноферментті диагностикалық-тест жүйелері әзірленді.
  • Алғаш рет иммуносупрессорлы және қозғалу белсенділігі жоғары Т-реттеуші жасушаларды бөліп алу және оларды талдаудың жаңа тәсілі жетілдірілді. Бұл тәсіл сүт безі қатерлі ісігімен ауыратын науқастардың қанындағы  гиалуронанмен байланысатын, жоғары деңгейде эктонуклеотидаза CD39 экспрессиялайтын Т-реттеуші супрессорлы белсенділік көрсететін жасушалар санының артатындығын анықтауға мүмкіндік берді.
  • HLA-G супрессорлы молекуласын экспрессиялайтын иммунорегуляциялық қабілеті бар табиғи киллерлік жасушалардың субпопуляциясы алғаш рет сипатталды. Сүт безі қатерлі ісігі бар науқастардың перифериялық қанында осы субпопуляцияның санының артатындығы көрсетілді.
  • Ісік бағаналы жасушаларымен байытылған ісік жасушаларының културасын ісік ұлпасынан (өкпенің қатерлі ісігі) және ұйқы безі ісік жасушалар линиясы  MiaPaCA2-дан туморсфераларды TGFβ және TNFα-мен стимуляциялау арқылы алу әдісі жетілдірілді. Табиғи киллерлік жасушалардың MiaPaCA2 ісік жасушаларымен  байланыста болғаннан кейін анергияға ұшырау механизмдері анықталды.
  • Алғаш рет эксперименттік жағдайда локальды созылмалы қабыну миелоидты супрессорлы  жасушалардың жүйелі түрде жинақталуын күшейтетіндігі анықталды.
  • Алғаш рет миелоидты супрессорлы жасушаларды цитотоксикалық конъюгат AFP-даунорубицин  арқылы жою мүмкіндігі тәжірибе жүзінде негізделді, бұл ісік өсуінің айтарлықтай баяулауына әкеледі.
Show More
Close