Қорытынды жиынтықтар «Молекулалық биология, биотехнология, биохимия саласындағы іргелі зерттеулер мен инновациялар» атты Жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы

2019 жылдың 28-29 қараша айында Ленин сыйлығының лауреаты, академик Мұрат Әбенұлы Айтхожиннің 80-жылдығына арналған «Молекулалық биология, биотехнология, биохимия саласындағы іргелі зерттеулер мен инновациялар» атты Жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Конференцияның ұйымдастырушысы – М.Ә. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институты.

Конференция жұмысының бірінші күні 28 қарашада Ғылым Ордасы ғалымдары үйінде ҚР БҒМ Ғылым Комитеті М.Ә. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институтының Бас директоры, профессор Камалидин Орынбайұлы Шарипов М.Ә. Айтхожиннің шығармашылығы туралы баяндама жасады. Ол өз баяндамасын мына сөздерден бастады: «Ғылым дамуының қазіргі заманғы үрдістерін мұқият талдау, іргелі мәселелерді шешудің жаңа тәсілдерін іздеу, икемді құрылымдарды құру» – ҚазССР Ғылым Академиясының Президенті Мұрат Әбенұлы Айтхожин өз уақытында қазақстандық ғылымның даму перспективасын осылай ұсынған еді. Бұл сөздер өзектілігін жоғалтпады және қазіргі уақытта, бұл оларды айтқан адамның даналығын куәландырады.  Ол енді кез келген мемлекеттің инновациялық дамуының басында болуы тиіс іргелі ғылымның жасампаз күшіне шексіз сенді. Академик М.Ә. Айтхожин – Қазақстанда молекулалық биология мен биотехнологияның негізін қалаушы, молекулалық биологтар мектебінің негізін қалаушы. Оның қызметінің басым бағыттарының бірі – жас ғылыми кадрларды даярлау болды. Ол Қазақ мемлекеттік университетінің биология факультетінің студенттеріне арналған биохимия және молекулалық биология тараулары бойынша дәріс курстарын дайындады. Қазіргі таңда Институт «биология» және «биотехнология» мамандықтары бойынша бакалаврларды, магистрлерді және PhD-докторанттарды даярлау үшін база болып қалуда.

К.О. Шарипов Институттың қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосқан, соңғы 3 онжылдықта басқарған көрнекті ғалым және ұйымдастырушы, академик Нағима Әбенқызы Айтхожинаның еңбегін ерекше атап өтті. Оның инновациялық тәсілінің және Институт жұмысын ұйымдастырудың арқасында жаңа бағыттар дамыды – молекулалық және популяциялық генетика, адам мен өсімдіктердің геномы, этно – және палеогеномика, молекулалық медицина және молекулалық иммунология, ғарыштық биотехнология, протеомика. Жаңа зертханалар – өсімдіктердің геномы, құрылымдық және функционалдық геномика, молекулалық иммунология және иммунобиотехнологиялар ашылды.

Сондай-ақ, әр уақытта Институтта жұмыс істеген жетекші ғалымдардың – Т.Б. Дарқанбаев, Л.К. Клышев, М.К. Гильманов, Р.А. Қонаева, Б.Қ. Искаков, О.В. Фурсов, Н.Н. Беляев, А.А. Хакимжанов, Ж. К. Жәрдемәлі, Т.С. Балмұқановтың ғылыми еңбектерін атап өткен жөн, олардың арқасында Институт молекулалық биология және генетика, молекулалық медицина және иммунология, биохимия және биотехнология бойынша Қазақстандағы жетекші ғылыми-зерттеу орталығы ретінде қалыптасты».

Қорытындай келе, Бас директор даму перспективаларын белгіледі. «Қол жеткізген жетістіктеріне қарамастан, бүгінгі күнінде М.Ә. Айтхожин молекулалық биология және биохимия институты қазіргі заманғы ғылыми-технологиялық, инновациялық дамыту және ғылыми өнімді коммерцияландыру сияқты алдында сын-қатерлер тұрғаны мәлім. Осы сын-қатерлердің сыншылдығын сезіне отырып, біздің жауабымыз – келесі бастамашыл қадамдарымыз болып табылады:

  • жаңа идеяларды, білімді генерациялау және оларды авторизациялау;
  • бәсекеге қабілетті ғылыми өнім өндіру, оны коммерцияландыру;
  • жүйелік биология және биотехнология саласындағы зерттеулерді жүзеге асыру;
  • дербестендірілген медицина саласындағы жобаларды әзірлеу;
  • дуалды білім беруді дамыту.

Сонымен қатар, Институттың маңызды міндеті – кадрлық әлеуетті дамыту, жоғары білікті мамандарды тарту, жас ғалымдар буынын қалыптастыру және әлемнің дамыған отыз елдерінің қатарына кіру үшін Қазақстанның ғылыми әлеуетін нығайту болып табылады».

Осылайша Институт басшысы жас ғалымдарға сәлемдесуі және М.Ә. Айтхожиннің шығармашылығы туралы естеліктері жайлы сөз сөйлегеннен кейін, конференцияны жалғастырғандар:

  • Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының

Президенті, академик Мұрат Жұрынұлы Жұрынов;

  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бірінші проректоры, профессор Мұхамбетқали Мырзабайұлы Бүркітбаев;
  • ҚР ҰҒА академигі Ізбасар Рахымбайұлы Рахымбаев;
  • профессор Рауза Миллиахмедқызы Қонаева;
  • ҚР ҰҒА Президентінің кеңесшісі Надежда Васильевна Неретина;
  • Ақуыз және нуклеиндік қышқылдар зертханасының

меңгерушісі, профессор Болат Құдайбергенұлы Искаков болды.

Сөз сөйлеушілер Мұрат Әбенұлының ғылыми және адами қасиеттері, оның Қазақстандағы ғылымның дамуы туралы көзқарасы, жас ғалымдарға деген қамқорлығы туралы айтып берді.

Конференцияның бірінші күнінің екінші бөлімінде келесі жұмыстар баяндалды:

  • Е.О. Остапчук – PhD-докторанты, МББИ (ИМББ) жетекші

ғылыми қызметкері;

  • Ю.А. Скиба – б.ғ.к., МББИ аға ғылыми қызметкері;
  • И.А. Гулютa – аспирант, «Ұлттық допингке қарсы зертхана»

Денсаулық сақтау мекемесінің кіші ғылыми қызметкері (Беларусь Республикасы, Минск қаласы);

  • А.В. Жигайлов – б.ғ.к., МББИ жетекші ғылыми қызметкері;
  • Е.Е. Аширбеков – МББИ зертханасының м.а.;
  • Б. Алжанұлы – PhD-докторанты, МББИ кіші ғылыми қызметкері;
  • Ю.Н. Клюева – Федералды мемлекеттік автономды білім беру

мекемесі «Ресей Тұңғыш Президенті Б.Н. Ельцин атындағы Орал федералдық университеті» медициналық биохимия және биофизика кафедрасының аға оқытушысы (Ресей, Екатеринбург қ.);

  • Д.Б. Тастанбеков – PhD-докторанты, ҰБА Қазақ ұлттық

техникалық зерттеу университеті;

  • Е.Я. Рита-Жуковская – «Ұлттық допингке қарсы зертхана»

Денсаулық сақтау мекемесінің кіші ғылыми қызметкері (Беларусь Республикасы, Минск қаласы);

  • А.С. Муртазина – PhD-докторанты, С.Д. Асфендияров атындағы

Қазақ ұлттық медицина университеті;

  • Д.В. Бабарико – магистрант, «Ұлттық допингке қарсы зертхана»

Денсаулық сақтау мекемесінің кіші ғылыми қызметкері (Беларусь Республикасы, Минск қаласы);

  • А.А. Абильбаева – PhD-докторанты, С.Д. Асфендияров атындағы

Қазақ ұлттық медицина университеті; 

Конференцияның екінші күнінің отырысы (2019 ж., 29 қараша күні) М.Ә. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институтында өтті.

Баяндамалармен сөз сөйлегендер:

  • Е.В. Рогачева – Пастер атындағы эпидемиология және

микробиология ҒЗИ кіші ғылыми қызметкері (Ресей, Санкт-Петербург қаласы);

  • А.М. Мелисбек – ғылыми қызметкер, ҚР БҒМ ҒК Биологиялық

қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты, пгт. Гвардейский (Қазақстан, Жамбыл обл.);

  • Н. Абдолла – PhD-докторанты, МББИ кіші ғылыми қызметкері;
  • И.А. Музыченко – эмбриология зертханасының маманы,

репродуктивті медицина институты, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті;

  • А.О. Абайлдаев – МББИ кіші ғылыми қызметкері;
  • И.Р. Худайкулов – Қазақ-Ресей медициналық университетінің бакалавры.

Постерлік баяндамалар конкурсының қорытындысы бойынша отбасы мүшелері ұсынған М.Ә. Айтхожин туралы естелік кітабын алған үздік авторлар: А.М. Марченков, А.А. Бисенбай және Е.О. Остапчук.

 

Қарар

Конференцияға қатысушылар мен қонақтар «Молекулалық биология, биотехнология, биохимия саласындағы іргелі зерттеулер мен инновациялар» атты Жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясының абыройлы ұйымдастырылғанын атап өтті. Конференцияның басты мақсаты – қазіргі уақытта жас ғалымдар зерттеулердің қандай бағыттарын дамытып, сонымен бірге жас ғалымдардың әлеуетін ашып, ғылыми ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін талқылау.

Конференцияға қатысушылар бес ғылыми бағыт бойынша баяндама жасады: «Молекулалық биология», «Биохимия», «Иммунология», «Дербестендірілген медицина» және «Жүйелік биология». Баяндамалар осы қатысушылар зерттеу үшін таңдалған тақырыптарға жақсы бағдарланатынын көрсетті, олардың көпшілігі докторантура және магистрлік жұмыстардың тақырыптары болып табылады.  

Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар келесі ұсыныстар қабылдады:

  1. Биология ғылымдары бойынша академик М.Ә. Айтхожин атындағы Жас ғалымдар үшін сыйлық беру мәселесін қалпына келтіру туралы ҚР БҒМ Ғылым комитетіне жүгіну;
  2. Молекулалық биология, биохимия және биотехнология негізінде Айтхожин оқуларын тұрақты өткізу.

Қарар «Молекулалық биология, биотехнология, биохимия саласындағы іргелі зерттеулері мен инновациялары» атты Жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясына қатысушылардың барлығымен мақұлданды.

Show More
Close
Skip to content