Институтта Ғылыми кеңесі мүшелері мен ғылыми қызметкерлердің қатысуымен ғылыми семинар өтті.

ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР

        

2021 жылдың 24 қарашасында институттың Ғылыми кеңес мүшелері мен ғылыми қызметкерлердің қатысуымен ғылыми семинар өтті. Ғылыми семинар төрағасы – профессор К.О. Шарипов.

Күн тәртібі:

  1. Ақуыз және нуклеин қышқылдарының зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, б.ғ.к. А.В. Жигайловтың «Фитопатогендік вирустар мен саңырауқұлақтардың жұқтыруына жауап ретінде өсімдіктерді жасушаішілік қорғаудың жаңа механизмі ретінде – 18S рРНҚ дискретті фрагментациясын зерттеу» баяндамасы. 2021 жылғы зерттеулердің нәтижелері негізінде.
  2. Ақуыз және нуклеин қышқылдарының зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, б.ғ.к. О.В. Карпованың «Қазақстанның түрлі аймақтарындағы картоптың вирустық зақымдануының эпидемиологиялық жағдайын бағалау және жергілікті изоляттардың молекулярлық-генетикалық ерекшеліктерін анықтау» баяндамасы. 2021 жылғы зерттеулердің нәтижелері негізінде.

 

1. А.В. Жигайлов өз баяндамасын презентация түрінде ұсынды, онда зерттеудің өзектілігі, мақсаты, міндеттері, ғылыми жаңалығы, практикалық маңызы және жұмыстың негізгі объектілері көрсетілді.

Андрей Владимировичтің жетекшілігімен бір топ ғалымдар фитопатогендік вирустар мен саңырауқұлақтарды жұқтыруға жауап ретінде өсімдіктерді жасушаішілік қорғау механизмін зерттейді. Жұмыс барысында картоп пен бидай вирустарының рРНҚ 18S дискретті фрагментация процесіне әсері анықталды. Нәтижесінде DIG-таңбаланған зондтарды қолдана отырып, нозерн-блоттинг әдісімен 18S рРНҚ-ның 5′- және 3′-соңғы фрагменттерін анықтау әдісі жасалды. Әзірленген әдіс арқылы картоп пен бидайдың бақылау өсімдіктерінен, сондай-ақ вирустық инфекцияға ұшыраған өсімдіктерден оқшауланған РНҚ-ның жалпы препараттары талданды. 18S рРНҚ-ның үш әмбебап фрагменті («5,3 ѕРНҚ «, «55nt-5’18S» және «100nt-3’18S») анықталды, олардың саны өсімдік жасушаларында биотикалық күйзеліске жауап ретінде сенімді түрде өсті.

Жұмыстар ҒТБ-ның күнтізбелік жоспарына сәйкес жүргізілуде, 2021 жылға қойылған міндеттер мерзімінде және толық көлемде орындалды. Семинарға қатысушылар сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар берілді.

  1. О.В. Карпова Қазақстан Республикасында кең таралған картоп вирустарының геномдық РНҚ (гРНҚ) молекулалық-генетикалық ерекшеліктерін анықтау бойынша зерттеулердің орындалу барысы туралы ақпарат берді. PVM, PVS, PVY, PVX және PLRV әртүрлі штамдарының гРНҚ-ға салыстырмалы талдау жүргізу барысында әр вирус үшін ең консервативті (капсид ақуызын кодтайтын ОРС) және геномдардың ауыспалы учаскелері табылды. Әрбір вирусты жеке диагностикалау үшін де, сондай-ақ Қазақстанда кеңінен таралған PVX, PVY, PVM, PVS және PLRV бір мезгілде диагностикалау үшін де мультиплексті ОТ-ПТР жүргізу мақсатында праймерлер дизайнын әзірлеу үшін нуклеотидтік тізбектер іріктелді.

Ұсынылған технологияны қолдану тұқымдық материалды иммуноферменттік талдау нәтижесінде анықталмайтын вирустарды анықтауға мүмкіндік береді. Дәл осы әдісті фермерлік шарушылықтар қолданады. Алматы және Қостанай облыстарында өсірілетін картоп сорттарына талдау ОТ-ПТР әдісімен жүргізілді. Барлық жергілікті сорттар вирустардан зардап шекті.

Жұмыс күнтізбелік жоспарға сәйкес жүргізіледі, міндеттер мерзімінде және толық көлемде орындалады

Баяндама аяқталғаннан кейін, семинарға қатысушылар сұрақтар қойып, тиісті саланың экономикалық пайдасын алу және коммерцияландыру мақсатында зерттеу нәтижелерін тәжірибелік тұрғыда имплементациялау бойынша ұсыныстар айтылды.

Show More
Close
Skip to content