М.А. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институтында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған кеңейтілген Ғылыми кеңесінің отырысы өтті.

«М.А. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институты.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылындағы негізгі жетістіктерi» атты баяндама ұсынылды. Баяндамашы – бас директордың орынбасары Г.А. Исмагулова.

Г.А. Исмагулова барлық қатысушыларды келе жатқан мереке – Қазақстан

Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтап, табыс тіледі.

Институт тарихы қысқаша баяндалды. Құрылғаннан бастап қазіргі уақытқа дейін жүзеге асырылатын зерттеулердің ғылыми бағыттары ұсынылды. Ғылыми зерттеулердің негізгі нәтижелері айқындалды.


Тарих және негізгі бағыттар. ҚР БҒМ ҒК М.А. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институты Қазақ ССР Ғылым академиясы Президиумының 17.03.1983 ж. № 40 қаулысына және Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 22.02.1983 ж. қаулысына, КСРО Министрлер Кеңесінің № 807 қаулысына сәйкес Қазақстанда биоорганикалық химияны дамыту үшін 1983 ж. құрылды. Институттың ұйымдастырушысы және бірінші директоры – талантты ғалым және ғылымды ұйымдастырушы, ҚазССР Ғылым Академиясының президенті, КСРО Ленин сыйлығының лауреаты, Қазақстандағы молекулалық биология және биотехнологияның негізін қалаушы – Мұрат Әбенұлы Айтхожин.


1990-2018 жылдар аралығында институтты б.ғ.д., профессор, молекулалық

генетика, этногенетика, ғарыштық биотехнология негізін қалаушы Нағима Әбенқызы Айтхожина басқарды.


Қазіргі уақытта институтта Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау мен

ауыл шаруашылығы үшін басым бағыттар және іргелі мен қолданбалы ғылымды дамытудың әлемдік үрдістеріне сәйкес келетін зерттеулер жүргізілуде. Бұл – биотехнология, ақуыз биосинтезін реттеудің молекулалық және биохимиялық механизмдері, өсімдіктердің генетикалық және жасушалық инженериясы, онкоиммунология және дербестендiрiлген медицина.

Ақуыз және нуклеин қышқылдарының зертханасын 1968 жылы М.А. Айтхожин

ұйымдастырған. Қазіргі уақытта бұл мектепті б.ғ.д., профессор Б.К. Искаков оқушыларымен және әріптестерімен бірге жалғастыруда. Б.К. Искаков фитопатогендік вирустар мен абиотикалық қоршаған орта факторларына төзімділігін жақсарту үшін трансгендік өсімдіктерде медициналық және ветеринарлық бағыттағы ақуыздарды алу бойынша өсімдіктердің гендік инженериясы саласындағы қазақстандық ғылыми мектептің негізін қалаушысы болып табылады.

Астық тұқымдастар биохимиясы зертханасы 1973 жылы құрылған. Зертхананың

бірінші меңгерушісі – академик Т.Б. Дарқанбаев, Қазақстандағы астық биохимиясы ғылыми мектебінің негізін қалаушы. 1986 жылдан 2002 жылға дейін зертхананы б.ғ.д., профессор О.В. Фурсов басқарды. 2003 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін  б.ғ.к. А.А. Хакимжанов басқарады.

Өсімдіктер биоинженериясы зертханасы 1985 жылы құрылды, зертхананың

бірінші меңгерушісі – б.ғ.д., профессор М.К. Қарабаев, маңызды азық-түлік дәнді дақылдарының жасушалық биотехнологиясы ғылыми мектебінің негізін қалаушы. 2010 жылдан бастап зертхананы б.ғ.к. Н.П. Малахова басқарады.

Геном зертханасын 1991 жылы ҚР ҰҒА академигі, б.ғ.д., профессор Н.А.

Айтхожина құрған, ҚР молекулалық генетиканың, ғарыштық биотехнологияның негізін қалаушы. 2008 жылдан бастап осы зертхананы б.ғ.к. Г.А. Исмагулова басқарады.

Молекулалық иммунология және иммунобиотехнология зертханасы 1997 жылы

құрылған. Зертхананың негізін қалаушы – профессор, б.ғ.д. Н.Н. Беляев. Қазіргі уақытта бұл мектепті Н.Н. Беляевтiң шәкiртi – б.ғ.к. Р.Т. Тлеулиева әріптестерімен бірге жалғастыруда.

Геном зертханасындағы  «Адам геномы» тобы 2009 жылы құрылымдық және

функционалдық геномика аталатын жаңа зертханасына бөлінді. Зертхананың бірінші меңгерушісі – б.ғ.д. Т.С. Балмұханов болды. Қазіргі уақытта PhD докторанты Е.Е. Аширбеков басқарады.

2021 жылы молекулалық генетика және биотехнология зертханасы

ұйымдастырылды. Зертхананы PhD докторанты Н.Н. Галиакпаров тобы басқарады.

ЗЕРТТЕУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:

  1. ӨСІМДІК ЖАСУШАЛАРЫНДА АҚУЫЗ БИОСИНТЕЗІН РЕТТЕУДІҢ

МОЛЕКУЛАЛЫҚ МЕХАНИЗМДЕРІ;

  1. ӨСІМДІКТЕРДEГІ ФИТОПАТОГЕНДЕРДІҢ ӘСЕРІНЕ ТӨЗІМДІЛІГІНІҢ

МОЛЕКУЛАЛЫҚ-БИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ БИОХИМИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ;

  1. ДӘНДІ ДАҚЫЛДАР ТҰҚЫМДАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚОСАЛҚЫ ЗАТТАРЫНДАҒЫ

МЕТАБОЛИЗМІ ФЕРМЕНТТЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТІ МЕН РЕТТЕЛУІНІҢ МОЛЕКУЛАЛЫҚ ЖӘНЕ ЖАСУШАЛЫҚ МЕХАНИЗМДЕРІН ЗЕРТТЕУ. АСТЫҚ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ ҮШІН БИОХИМИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕРДІ ӘЗІРЛЕУ;

  1. МОЛЕКУЛАЛЫҚ ЭПИДЕМИОЛОГИЯ;
  2. МОЛЕКУЛАЛЫҚ ЖӘНЕ ЖАСУШАЛЫҚ ИММУНОЛОГИЯ ЖӘНЕ

ИММУНОБИОТЕХНОЛОГИЯ. ҚАТЕРЛІ ІСІК ПЕН АУТОИММУНДЫ АУРУЛАРДЫ ЖАСУШАЛЫҚ ДИАГНОСТИКАЛАУДЫҢ ЖАҢА ӘДІСТЕРІН ЖАСАУ;

  1. АДАМ АУРУЛАРЫНЫҢ МОЛЕКУЛАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ

ГЕНОДИАГНОСТИКА;

  1. ГЕНДІК ЖӘНЕ ЖАСУШАЛЫҚ ИНЖЕНЕРИЯ. ЖАҚСАРТЫЛҒАН БЕЛГІЛЕРІ

БАР ӨСІМДІКТЕРДІҢ ЖАҢА ЖЕЛІЛЕРІН ҚҰРУ;

  1. ӨСІМДІКТЕРДІ, ЖАНУАРЛАР МЕН МИКРООРГАНИЗМДЕРДІ ГЕНЕТИКАЛЫҚ

ПАСПОРТТАУ;

  1. ҒАРЫШТЫҚ БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯ.

1991-2011 жылдар аралығында мемлекеттік тапсырыс іргелі зерттеулер

бағдарламасы бойынша ғылыми зерттеулер жүргізілді. 4. «Биологиялық жүйелердің жұмыс істеу заңдылықтары медицина, ауыл шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау үшін инновациялық технологияларды құрудың негізі».

М.А. Айтхожин атындағы  молекулалық биология және биохимия институтында келесі зерттеулер жүргізілді:

  1. 5 мемлекеттік ғылыми-техникалық бағдарламалары;
  2. Институттың 3 ғылыми-техникалық бағдарламалары;
  3. Гранттық қаржыландырудың 27 жобалары.

1991 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі кезеңде 521 мақала жарияланды,

соның ішінде:

Шетелдік рейтингтік басылымдарда 153.

БҒСҚК ұсынған журналдарда 368.

12 монография мен оқу құралдары жарық көрді.

46 патент пен авторлық куәлік алынды.

13 зертханалық регламент әзірленді.

Лютесценс 70 атты бидайының 1 сұрпы құрылды.

Картоптың 4 сорттары жасалды.

 

 

Show More
Close
Skip to content