Жаңа жыл құтты болсын!

         М.А. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия ғылыми-зерттеу институтының ұжымы атынан және жеке өз атымнан Сіздерді келе жатқан Жаңа 2022 жылмен құттықтаймын!

          Жаңа жыл – бұл ерекше айтулы мереке.

Өткен жыл маңызды оқиғалар мен жетістіктерге толы болды. Біз ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өттік. 30 жыл бұрын біздің еліміз бірлік пен өркендеудің символына айналып, тәуелсіз, демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекет мәртебесіне ие болды.

  Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық дамуға, елдің халықаралық аренадағы лайықты беделіне, сондай-ақ өзекті халықаралық  мәселелерді шешудегі маңызды сындарлы рөлге қол жеткізді, осылайша Қазақстан гүлденген, дамушы елге айналды.

     Алдағы жылы барлық қызмет салаларында басымды шешімдер және ғылым саласында жаңа құзыреттер мен инновациялар тілеймін!

      Осы тілектермен қатар Сіздерге бақыт, шығармашылық қабілеттеріңізге деген сенімділік пен оптимизм, алға қойған мақсаттарыңызға жету, кәсіби жеңістер, отбасыларыңызға амандық және мықты денсаулық тілеймін!

2022 жыл сәтті, гүлденген және жаңа бастамалардың қуанышына толы болсын!

      Мен сіздерді шын жүректен Жаңа жылмен құттықтаймын!

 

 

 

Ізгі тілектермен,

Бас директор

«М.А. Айтхожин атындағы

молекулалық биология

және биохимия институты» ШЖҚ РМК, профессор

Шарипов Камалидин Орынбаевич

Show More
Close
Skip to content