Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі алқасының кеңейтілген отырысы

 

27 қаңтарда ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың төрағалығымен ҚР БҒМ кеңейтілген алқа отырысы өтті, онда білім және ғылым саласындағы 2021 жылғы жұмыс қорытындылары шығарылып, 2022 жылға міндеттер қойылды.

Алқа жұмысына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов қатысты, ол ҚР БҒМ қызметіне оң баға берді және Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды сапалы орындаудың маңыздылығына баса назар аударды.

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев 2021 жылдың қорытындылары мен 2022 жылға арналған ғылым саласындағы міндеттер туралы, атап айтқанда, «Ғылым туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізу, 2022-2026 жылдарға арналған ғылымды дамытудың тұжырымдамасын қабылдау, ғылымды қаржыландыру және институционалдық дамыту, ғылыми-зерттеу институттарын материалдық-техникалық жаңарту, ЖОО мен ғылыми институттардың өзара іс-қимылын нығайтуға арналған шаралар кешені туралы баяндады.

 

МББИ жетекші ғалымдары кеңейтілген алқа отырысына қатысты (онлайн форматта).

Show More
Close
Skip to content