«М.А. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институты мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология факультетінің студенттерімен және оқытушыларымен кездесу өткізiлді

Қазақстан ғылымы апталығының #kazakhscienceweek# аясында 2022 жылдың 13 сәуірінде М.А. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институтының (ИМББ) қызметкерлері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультетінің студенттерімен және оқытушыларымен кездесу өткізді.  

Биология және биотехнология факультетінің деканы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Заядан Болатхан Қазыханұлы құттықтау сөз сөйледі.

ИМББ бас директорының орынбасары, т.ғ.к. Исмагулова Гульнара Акимжановна ИМББ тарихы, зертханалары және ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары туралы баяндама жасады.

Кездесу барысында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және ҚР БҒМ бағынатын ғылыми-зерттеу институттары арасындағы Бас келісім аясында ғылым мен білімнің интеграциясы мәселелері талқыланды, атап айтқанда, бірлескен диссертациялық кеңестер құру, кадрлар даярлау, бірлескен ғылыми жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру мәселелері.

Show More
Close
Skip to content