Ғылым мен білімнің интеграциясы: С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ профессордың – доктор Корнелия Мейр Уилсонның визитинг лекциясы өтті.

М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институты мен С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ арасындағы ынтымақтастық туралы келісім бойынша 2022 жылдың 20 мамырында Институтқа визит-профессор, Кентербери Крист Черч университетінің Адам және өмір туралы ғылымдар мектебінің (Ұлыбритания) академиялық зертханасының директоры – доктор Корнелия Мейр Уилсон келді.

Доктор Корнелия Мейр Уилсон – биохимия, жасуша және молекулалық биология саласындағы танымал сарапшы. Оның негізгі ғылыми бағыттары трансляциялық медицина, канцерогенез және нейродегенеративті аурулар.

Профессор Уилсон оқыған дәрістері:

1) «Экзосомалар: биосинтезі және физиологиялық рөлі»;

2) «Сортилин функциясын теңгеру: оның адам ауруларындағы рөлі»;

3) «Нейродегенеративті аурулар»

Лекцияның соңында зертхана қызметкерлері сұрақтар қойып, трансляциялық медицина саласындағы ғылыми зерттеулердің өзекті бағыттарын талқылады.

Ұлыбританияның көрнекті ғалымы, доктор Корнелия Уилсонның сапары біздің елдер ғалымдарының одан әрі ынтымақтастығын дамытуға, сондай-ақ Президенттің «Ғалымдарға арналған 500 тағылымдама» бағдарламасын жүзеге асырудағы ынтымақтастыққа ықпал етеді.

Show More
Close
Skip to content