Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Талғат Ешенқұлов ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі лауазымына тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Талғат Ешенқұлов ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі лауазымына тағайындалды.
Талғат Ілиясұлы 1978 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлттық мемлекеттік саясат мектебін тәмамдаған. «Мемлекеттік және жергілікті басқару» бейіні бойынша PhD докторы ғылыми дәрежесі бар.
Еңбек жолын 1997 жылы бастаған. Әр жылдары Жамбыл облыстық сотында, Әділет басқармасында, ҚР Қаржы министрлігінде, ҚР Жоғарғы Сотында, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде қызмет атқарған. ҚР Білім және ғылым министрлігі Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментін басқарған.
2016–2021 жылдары — ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары, комитет төрағасы, ҚР Білім және ғылым вице-министрі лауазымындарын атқарған.
2021 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін «М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Басқарма төрағасы – ректоры қызметін атқарды

 

Show More
Close
Skip to content