МикроРНҚ негізінде диабеттік ретинопатияның диагностикасы мен болжамы үшін жаңа аз инвазивті биомаркерді анықтау

М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтының құрылымдық және функционалдық геномика зертханасының ғалымдары AP08857430 «МикроРНҚ негізінде диабеттік ретинопатияның диагностикасы мен болжамы үшін жаңа аз инвазивті биомаркерді анықтау» жобасы аясында қазақстандық популяциядағы 2 типті қант диабетімен ауыратын науқастардың ретинопатияға бейімділігі бар гендердің бір нуклеотидті полиморфизмдерінің VEGF (-2549 I/D), RAGE (-429 T/C и -374 T/A), TCF7L2 (rs7903146) и ITGA2 (BglII+-) байланысы туралы гипотезаларды зерттеді.

Зерттеу нәтижелері ITGA2 генінің BglII+/- полиморфизмі диабеттік ретинопатиямен емес, 2 типті қант диабетімен байланысты болуы мүмкін екенін көрсетті. Алынған мәліметтерге сәйкес, қант диабетінің қаупі диабеттік ретинопатия ретінде қарастырылатын кіші BglII+ емес, жабайы аллель BglII- болып табылады.

Бұл жұмыс біздің институттың С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ҚРМУ және «AAA Медициналық клиника» қант диабетімен ауыратын науқастарды емдеу орталығының ғалымдарымен ынтымақтастығының нәтижесі болды.

Зерттеушілердің мақаласы MDPI «Medicina» рецензияланған ғылыми журналында жарияланған.

Айжан Мағазова, Елдар Әшірбеков, Арман Абайлдаев, Қантемір Сәткен, Алтынай Балмұханова, Жанай Ақанов, Нұрлан Жайнақбаев, Айгүл Балмұханова, Камалидин Шәріпов

https://doi.org/10.3390/medicina58101416

Show More
Close
Skip to content