Бейбітшілік пен даму үшін дүниежүзілік ғылым күні

10 қараша – Бейбітшілік пен даму үшін дүниежүзілік ғылым күні

 

Бейбітшілік пен даму үшін Дүниежүзілік ғылым күні жыл сайын 10 қарашада атап өтіледі.

2001 жылы ЮНЕСКО алғаш рет жариялаған бұл күн ғылымның қоғамдағы маңызды рөлін көрсетеді және ғалымдар мен қалың жұртшылық арасындағы диалогты тереңдетуге арналған.

 

Бейбітшілік пен даму үшін Дүниежүзілік ғылым күнінің мақсаттары:

– қоғамдардың бейбіт және тұрақты дамуы үшін ғылымның рөлі туралы қоғамның хабардарлығын арттыру;

– әртүрлі елдер арасында ғылыми жетістіктерді бөлісу мүддесінде ұлттық және халықаралық ынтымақтастықты ынталандыру;

– ғылымды қоғам игілігі үшін пайдалану жөніндегі жаңа ұлттық және халықаралық міндеттеме;

– ғылымның алдында тұрған міндеттерге назар аудару, сондай-ақ ғылыми қызметке қолдауды арттыру.

 

2022 жылға арналған тақырып «Тұрақты даму үшін фундаменталды ғылым».

 

«2030 жылға дейінгі тұрақты даму стратегиясының 17 мақсатына қол жеткізу үшін фундаменталды ғылымдардың рөлі бұрынғыдан да маңызды», – деп осындай үндеумен БҰҰ Бас Ассамблеясы 2022 жылы тақырыптық жыл өткізу туралы қарарға қол қойылғанын жариялады. Сонымен бірге, мұндай шешімнің қабылдануы фундаменталды ғылымдардың адамзат үшін маңыздылығының жоғарылығына байланысты екендігі, «фундаменталды ғылымдарды қолдану медицинада, өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, су ресурстарында, энергетиканы жоспарлауда, экология, коммуникациялар және мәдениет ілгерілеу үшін өмірлік маңызы бар» деп атап өтілді.

Барлық уақытта фундаменталды ғылым технологиялық прогрестің және экономикалық трансформацияның қозғаушы күші болды. Қолданбалы зерттеулердің, технологиялық жетістіктер мен инновациялардың негізінде физика, химия, биология, математика саласындағы фундаменталды ашылулар жатыр.

Негізгі ғылымдар бойынша әлеуетке ие болу тұрақты дамуға және адамдардың өмір сүру деңгейін жақсартуға ықпал ету үшін дамыған және дамушы елдердің мүдделеріне сәйкес келеді.

Фундаменталды ғылымдар саласындағы әлеуеттің болуы тұрақты дамуға және халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға ықпал етеді.

 

Мерекелеріңізбен құрметті әріптестер!

Ғылым күні құтты болсын!

Сiздерге табыс пен ғылыми ашуларды тiлеймiз!

Show More
Close
Skip to content