Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен!

Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл еркіндіктің, азаматтық татулықтың және барша халықтың заң мен әділеттілік негізіндегі игі келісім мерекесі, жалпыұлттық бірлік пен Отанымыздың бүгіні мен болашағы үшін ортақ жауапкершіліктің белгісі.

Мемлекет басшысы – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жылдың 1 қыркүйегіндегі Қазақстан халқына жарияланған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелi қоғам» Жолдауында – саяси жүйені, экономиканы өзгерту және қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту үшін әр азамат бірігіп, еңбек ету қажет, бұл барлығына тең мүмкіндік пен әділеттіліктің негізі деп, атап өттi.

Жүректерiңiз мемлекетімізге деген мақтаныш сезіміне толсын, бірлік пен түсіністікке ұмтылсын, ал жемісті еңбек бақытты болашақтың сенімді кепілі болсын.

Сіздерге өзара түсіністік, береке мен келісім тiлеймiз!

Iзгi ниетпен

М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтының ұжымы!

Show More
Close
Skip to content