Жаңа жыл мерекесі құтты болсын!

Құрметті достар!

Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын!

Өтіп бара жатқан жыл оңай болған жоқ, өзгерістер мен жаңа бастамаларға толы болды. Ғалымдарымыздың арқасында гранттар жеңіп алдық, ғылыми зерттеулер жүргіздік, докторантураға түстік, ғылыми келісімдер жасадық, шетелдік зертханалармен тәжірибе алмастық. Әрқайсыңызға жұмысыңыз, еңбекқорлығыңыз, институт құндылықтары мен мақсаттарына берілгендігіңіз үшін рахмет.

2023 жылы бізде ғылыми-зерттеу және ғылыми қызметті жүзеге асыру үшін көптеген жаңа мүмкіндіктер болады деп ойлаймын. Бүгінде ғылым мен инновация бұрынғыдан да сұранысқа ие, біздің міндетіміз – іздену, еңбек ету, білім мен инновацияға ашық болу, батыл эксперименттер жасау, заманауи сын-қатерлерге жауап беру және сыни тәуекелдерді еңсеру. Біз бұнын бәрiн бірге жасай алатынымызға сенімдімін!

Әрқашан алға ұмтылып, ең өршіл мақсаттарға жетуге, пікірлес адамдарды табуға, армандауға және өзіңізге сенуге тілектеспін!

 

Жаңа жыл құтты болсын құрметті әріптестер!

 

Iзгi ниетпен, М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтының бас директоры Шарипов Қ.О.

Show More
Close
Skip to content