Халықаралық әйелдер күні құтты болсын!

8 НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Құрметті әріптестер, біздің қымбатты аналар мен қыздар, сiздердi М.Ә.Айтхожин атындағы ИМББ ұжымының барша ер азаматтары атынан 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!

Қоғамымыздың барлық саласына қосқан үлесіңіз үшін шын жүректен ризашылығымыз бен алғысымызды білдіреміз. Нәзік иығыңызға түскен ауыртпалықтарға қарамастан, сіз өмірден ләззат алып, сұлулықты көріп, айналаңыздағы адамдарға шабыт бересіз. Сіздің оптимизміңіз бен күш-қуатыңыз ешқашан таусылмасын, ал туған-туыстарыңыз сізді әркашан бағалап, құрметтесін.

Сіздерге көктемгі тамаша көңіл-күй, зор денсаулық, отбасылық бақыт пен амандық, шығармашылық табыс және барлық жоспарларыңыздың орындалуын тілейміз!

 

ИМББ бас директоры, профессор Қ.О.Шәріпов

Show More
Close
Skip to content