Қазақстандағы биомедициналық және генетикалық зерттеулерді дамыту перспективалары

13 наурызда Астанада «Қазақстандағы биомедициналық және генетикалық зерттеулерді дамыту перспективалары» атты ғылыми конференция өтті. Конференцияны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Назарбаев Университетінің Медицина мектебі және Генетика және физиология институты ұйымдастырды.

Конференция жұмысына биомедицина, нейрофизиология, генетика саласындағы жетекші ғалымдар мен сарапшылар, Қазақстанның медициналық орталықтарының, жоғары оқу орындарының және ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері қатысты.

Конференцияның негізгі мақсаты биомедицина және генетика саласындағы мамандарды тәжірибе, білім және идеялармен алмасу, сондай-ақ осы ғылыми бағыттарды дамытудың өзекті мәселелері мен перспективаларын талқылау үшін біріктіру болды.

Конференцияда ИМББ бас директоры – профессор Шарипов Камалидин Орынбайұлы «Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институтындағы биомедициналық зерттеулер» тақырыбында пленарлық баяндама жасады.

 

Show More
Close
Skip to content