БІЗ ТУРАЛЫ

М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институты» ШЖҚ РМК (ИМББ) Қазақстандағы молекулалық биология, молекулалық генетика, молекулалық медицина және биоинженерия саласындағы жетекші ғылыми-зерттеу және консалтингтік орталықтардың бірі болып табылады.

Институт негізгі қызметі адамның, жануарлардың, өсімдіктердің және микроорганизмдердің жалпы және молекулалық генетикасы мен жасушалық биологиясы саласындағы ғылыми зерттеулер, қазіргі заманғы генетика мен жасуша биологиясының жаңа бағыттарын дамыту, медицина, экология және ауыл шаруашылығы үшін жаңа тиімді әзірлемелерді енгізу, Қазақстан Республикасында генетикалық мониторингті қамтамасыз ету үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы бар дүниежүзілік ғылымның жетістіктерін зерделеу және жалпылау, диагностикумдар мен тестілеу жүйелерін әзірлеу болып табылады.

Институттың ғылыми әлеуеті молекулалық және жасушалық биология, биотехнология, гендік инженерия, иммунобиотехнология, онкоиммунология, этно- және дербестендірілген геномика саласындағы жоғары білікті мамандардан тұрады.

Skip to content