Site icon Институт молекулярной биологии и биохимии им. М. А. Айтхожин» КН МОН РК

Астық тұқымдастар биохимиясының зертханасы

Зертхана туралы тарихи мәліметтер

Астық тұқымдастар биохимиясы зертхананы 1973 жылы Темірбай Байбусынұлы Дарқанбаев ұйымдастырып, 1986 жылға дейін басқарды. 1986 жылдан 1988 жылға дейін зертхана меңгерушісі – биология ғылымдарының докторы, профессор Фурсов Олег Владимирович болды. 1998 жылдан бері зертхана меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты Хакімжанов Айдар Атымтайұлы болып табылады.


Хакімжанов Айдар Атымтайұлы

Биология ғылымдарының кандидаты

Астық тұқымдастар биохимиясы зертханасының меңгерушісі

Телефон: +7 (727) 293-71-90

E-mail: a.khakimzhanov@mail.ru

Хакімжанов Айдар Атымтайұлы 1979 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің биология факультетін бітірген. 1990 жылы «Күріш дәнінің амилолитикалық ферменттері және олардың реттелуі» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Өсімдік биохимиясы, дән энзимологиясы (көмірсулар алмасуының ферменттері және олардың ингибиторлары) бойынша маман. 100-ден астам ғылыми мақалалардың авторы, 5 авторлық куәлігі мен патенті бар.

Хакімжанов А.А. 2016 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен ал 2021 жылы «Еңбек ардагері» құрмет белгісімен марапатталған.


Ғылыми-зерттеу қызметінің бағыттары

Ғылыми жобалар:

2018-2020 жж.

АР05133823 Жобасы «Патогенездегі хитин мен β-глюкан байланыстыратын ферменттерді зерттеу және бидайдың фузариозға төзімділігін тексеруде қолдану», ғылыми жетекшісі — б.ғ.к. Хакімжанов А.А.

2015-2017 жж.

5584/МҚ4 Жобасы «α-амилаза протеин ингибиторының бидайдың егінге дейінгі өнуге төзімділігін реттеудегі рөлін зерттеу және ингибиторды анықтаудың иммунохимиялық сынау әдісін жасау», ғылыми жетекшісі — б.ғ.к. Хакімжанов А.А.

2014-2016 жж.

О.0657 Жобасы «Молекулярлық және жасушалық биология әдістері негізінде бидай мен картоптың фузариозға және вироидтарға төзімділігін арттырудың ғылыми негіздерін жасау және олардың негізінде жеделдетілген селекция үшін бастапқы линиялар мен диагностика жасау», ғылыми жетекшісі — б.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі Айтхожина Н.ә.

2012-2014 жж.

055 Бағдарламасы «Қазақстанда медицина, ауыл шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау қажеттіліктері үшін отандық геномдық-протеомдық және жасушалық технологияларды дамыту», ғылыми жетекшісі — б.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі Айтхожина Н.Ә.

МҚ 225 Жобасы «Азық-түлік қауіпсіздігін жақсартудың молекулалық-биологиялық, биохимиялық және технологиялық негіздері», ғылыми жетекшісі — б.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі Айтхожина Н.Ә.

Қолданылатын зерттеу әдістері

Спектрофотометрия, градиентті центрифугалау, ақуыз электрофорезі және изоэлектрлік фокустау, сұйық бағаналық хроматография, иммундық ферментті талдау, жасуша культурасы.

Ғылыми жетістіктер

Exit mobile version