«Протеомика мектебі» — Bio-Rad компаниясының ғылыми семинары
2024 жылдың 14 ақпанында М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтында Bio-Rad компаниясының «Протеомика мектебі» тақырыбында ғылыми семинары өтті.
Протеомика саласының маманы, химия ғылымдарының кандидаты Рафиль Хайруллин семинар қатысушыларына «Вестерн блоттинг: кезең кезеңімен» және «Биорад компаниясының хроматографиялық шешімдері. Экспериментті жоспарлау» презентацияларын ұсынды.
Презентациялар мынандай сұрақтарды қамтыды: Western blotting қолданылатын мәселелер, Western blotting кезеңдері, Western blotting кезіндегі қиындықтар, электрофорез бен Вестерн-блоттингке арналған Bio-Rad компаниясының жабдықтары мен өнімдерінің желісі, ақуызды тазарту бойынша эксперименттерді жоспарлау, Bio-Rad компаниясының хроматографиялық құрылғыларының соңғы жетістіктері (NGC (New Generation Chromatography) хроматографиялық жүйелері, колонналары, сорбенттері және т.б.).
Семинардың практикалық бөлігінде Bio-Rad Mini Protean жүйесінің көмегімен рекомбинантты ақуызды тазарту мен жылдам электрофорез тәсілі көрсетілді.
Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.
Семинарды ұйымдастырушылар: «Алгимед» ЖШС (С. Лобацевич), «Bio-Rad Laboratories» ЖШС және М.А. Айтхожин атындағы МББИ.