NGS – AVITI24: ГЕНОМИКАДАН МУЛТИОМИКАҒА ДЕЙІН тақырыбында ашық семинар өткізілді
М.Ә. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтында 2024 жылдың 25 қарашасында. NGS – AVITI24: ГЕНОМИКАДАН МУЛТИОМИКАҒА ДЕЙІН тақырыбында ашық семинар өткізілді.
Семинарда Element Bio (АҚШ) өндірушісінің бір платформасында жеке жасушалардың мульти-омикасы және келесі ұрпақ секвенирлеу туралы ақпарат ұсынылды.
Семинарда:
Джайсан Джугмохан – Бизнесті дамыту жөніндегі менеджер (Трансляциялық ғылым және дәл диагностика) – QIAGEN EEMEA, «QIAGEN молекулалық шешімдері» презентациясымен және Ферда Алтайташ – сатуды дамыту жөніндегі менеджері (Клиникалық геномика, NGS және биоинформатика) – QIAGEN, «Aviti аспаптарында келесі ұрпақ секвенирлеу» презентациясымен баяндамалар жасады.
Семинарды ұйымдастырушылар: Advena компаниясы және М.Ә.Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институты.