М.Ә. АЙТХОЖИН АТЫНДАҒЫ МОЛЕКУЛАЛЫҚ БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОХИМИЯ ИНСТИТУТЫ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ
2024 жылдың 19 желтоқсанында М.Ә. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институтында Ғылыми кеңестің отырысы өтті.
— Ғылыми кеңес отырысында институттың бас директоры Шарипов Қ.О. институттың 2024 жылға арналған ғылыми, ұйымдастыру және қаржылық қызметін қорытындылады, сондай-ақ 2025 жылға арналған перспективалық жоспарларға тоқталды.
— Ғылыми кеңес мүшелері институттың патенттік-лицензиялау жұмыстарының жай-күйін талқылады. Зертхана меңгерушілері ақпаратпен таныстырды.
– Отырыста Тіл саясаты комитетінің 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты ұйымдардың құжат айналымына жүргізген мониторингінің қорытындылары туралы, атап айтқанда, Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары индикаторларының орындалу барысы туралы ақпарат тыңдалды. М.Ә. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институтының көрсеткіші 85% (18-орын) құрады.
Институттың сыртқы және ішкі құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесін кезең-кезеңімен арттыру бойынша жұмысты жандандыру туралы шешім қабылданды.
— Жиында Республика күнін мерекелеуге орай Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ведомстволық наградалары табыс етілді:
— «Ғылым және жоғары білім министрлігінің Құрмет грамотасы» — ақуыз және нуклеин қышқылдары зертханасының ғылыми қызметкері Л.Т. Надироваға.
— «Ғылым және жоғары білім министрлігінің Алғысы» — өсімдік биоинженериясы зертханасының ғылыми қызметкері, б.ғ.к. А.К. Хансейітоваға, ақуыз және нуклеин қышқылдары зертханасының ғылыми қызметкері Р.М. Наргиловаға, геном зертханасының кіші ғылыми қызметкері А.М. Мендешке, геном зертханасының кіші ғылыми қызметкері Д.О. Байсапароваға.