Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні құтты болсын

Осыдан 10 жыл бұрын Біріккен Ұлттар ұйымының шешімімен 11-ақпан күні Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні болып жарияланған.
Әлемге ғылым керек, ал ғылымға әйелдер керек. UNESCO мәліметтері бойынша, Қазақстан әйел ғалымдар саны бойынша үздік 10 ел қатарына кіреді. Қазақстан Ғылым академиясының жылнамасында есімдері алтын әріппен жазылған 16 ғалым-әйел – 8 академик және 8 корреспондент мүшесі бар. Қазақ халқының тарихына көз жүгіртсек, қазақ қыздары медицина, жаратылыстану және техника ғылымдарын дамытуға теңдессіз үлес қосқанын білеміз. Қазақстанда Ғылым академиясын алғаш рет әйел басқарды.
Осынау атаулы күн қарсаңында Институт әйел ғалымдарының ғылымға қосқан үлесі айтарлықтай болғанын атап өту керек. Ғылым жолында есімдері алтын әріппен жазылған тұлғаларымыздың ішінде Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының тұңғыш әйел президенті, биология ғылымдарының докторы, Институттың негізін қалаушы Нағима Айтхожина – Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының президенті. Өсімдіктер биохимиясы және табиғи қосылыстар алмасуының энзимологиясы саласын алғаш зерттеген ірі қазақстандық ғалым Қонаева Рауза – ұлтымыздың мақтанышына айналған тұлғалар. Олар ғылым мен білімге адалдықтың, қайсарлық пен ізденістің символына айналды.
Қазіргі таңда Институтта ғылыми-зерттеу жұмыстармен айналысатын мамандардың басым көпшілігі – әйелдер. Олар биология ғылымдарының басым бағыттарын дамытуға үлкен үлес қосып келе жатқанын айрықша атап өткім келеді.
Құрметті нәзік жанды ғалымдар! Сіздердің ғылымға қосқан үлестеріңіз – Қазақстанның адам капиталы мен ел экономикасының артуының негізігі кепілі және жас ұрпақ үшін теңдессіз ілім-өнеге.
Осынау мерекеде әйел-ғалымдарға мықты денсаулық, ғылыми жетістіктер және мол табыс тілеймін!
Құрметпен, М.А.Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институтының Бас директоры Камалидин Шарипов