Алғыс айту күнімен құттықтаймын!
Қазақстанда 1 наурыз – Алғыс айту күні жаңа мерекелік дәстүр ретінде халық арасында үлкенге мәнге ие.
Алғыс айту күні – бірлік пен татулықтың символы. Бұл – Қазақстан халқын біріктіруге бағытталған, еліміздің тарихына құрмет көрсетіп алғыс айтатын күн. Қиын-қыстау замандарда да халқымыз бір-біріне мейірімділік танытып, ел арасында ынтымақ пен берекені нығайта білген.
М. А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтының ғалымдары Қазақстанда алғаш рет тұқым қуалайтын аурулар мен популяциялық генетиканың молекулалық механизмдерін зерттеуді жүргізіп, айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Сондай-ақ, өнімділіктің биотехнологиялық әдістерін әзірлеу негізінде бидай мен картоп сияқты аса маңызды дақылдардың өнімділігін арттырудың жаңа мүмкіндіктері туды.
Құрметті әріптестер! Қиындықтар мен сынақтарды жеңіп, ғылымға адал қызмет ету нағыз ерлік. Осынау мерекеде жанымызда жүрген әрбір ғалымның қадірін білуіміз керек деп ойлаймын. «Жаңбырмен жер көгерер, алғыспен ер көгерер» деген халқымыз. Бүгінгі күні қажырлы еңбектеріңіз, кәсібиліктеріңіз және Қазақстан ғылымының дамуына қосқан үлестеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтамын! Сіздерге денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!
Құрметпен,
М.А. Айтхожин атындағы
молекулалық биология және
биохимия институтының
Бас директоры Камалидин Шарипов