Site icon Институт молекулярной биологии и биохимии им. М. А. Айтхожин» КН МОН РК

Қымбатты ханымдар – әйел-ғалымдар және әріптестер!

Әйелдер – Ұлы жаратушының ең асыл туындысы! Қыз-келіншектер еліміздің ғылымның барлық салаларында белсенді еңбек етуде. Олар өздерінің  қамқорлығы және рухани күштерімен болашақты жарқын етіп, әлемді тепе-теңдік пен табысқа кенелтуде.

Біздің әйел-ғалымдардың еңбегі үлкен құрметке лайық. Осынау күні Сіздерге ғылым мен білім саласына, сондай-ақ тәуелсіз Қазақстанның ұлдары мен қыздарын тәрбиелеуге қосқан зор үлестеріңіз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Әрбір ғылыми әлеуеттеріңіз – тек ғылымдағы жетістік қана емес, адамзат болашағының маңызды қазынасы. Мұндай асыл жандармен тек мақтануға болады.

Құрметті ханымдар, әріптестер! Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық  әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Әйелдердің жағдайы мен игілігі – мемлекетіміздің  өркендеуі мен табысты болашағының кепілі. Алдағы уақытта талантты әйелдер қоғам өмірінде үлкен жетістікке жететініне сенеміз. Баршаңызға мықты денсаулық, бақыт, көктемгі көңіл-күй және жаңа жетістіктерге жету үшін шығармашылық шабыт тілейміз!

 

Игі тілекпен,

М.А. Айтхожин атындағы

молекулалық биология  және

биохимия институты

Exit mobile version