«Көрісу» күні құтты болсын!

Осынау 14 наурыз «Көрісу» күні халқымыздың бауырмалдық қасиетін білідіретін ерекше мереке. Бұл дәстүрде ізгілік пен мейірімділіктің үлгісі ретінде халқымыздың салттары сақталған. Біздің елімізде Көрісу дәстүрінің танымдық мағынасын және өнегесін болашақ ұрпаққа жеткізу өте маңызды. 

Ежелгі заманнан бастап, ата-бабаларымыз бұл күнді жаңа жылдың бастамасы ретінде үлкен қуанышпен қарсы алған. Бұл мерекелік рәсімде адамдар бір-бірімен амандасып, жылы лебіздерін білдіріп, ұзақ өмір, саулық тілеп тілек айтады. Жас буын аға буынға құрмет көрсетіп, үлкендер жастарға баталарын береді. Ежелгі дәстүрлер әрқашан жас ұрпақта мейірімділік, қайырымдылық, адамгершілік және түсіністік сияқты қасиеттерді тәрбиелеуге ықпал етті. Бұл күні біздің ұлттық ерекшелігіміз бен өзіндік қасиетіміз ерекше айқын байқалады. Осы бірегей дәстүріміз еліміздің біздің мемлекетіміздің бірлігі мен ынтымақтастығын нығайтады деген сенімдемін.

  Құрметті әріптестер! Амал мерекесі әрбір үйге бақыт, қуаныш, молшылық және береке әкелсін. Біздің елімізде тыныштық пен үндестік, бейбітшілік пен келісім орнасын, жасампаз рухымыз асқақтай берсін!

М.А. Айтхожин атындағы

Молекулярлық биология және

биохимия институты

Skip to content