Наурыз мейрамы құтты болсын!

Халық даналығында «жақсы сөз – жарым ырыс» деген мағыналы сөз бар. Ғасырлар бойы қалыптасқан шығыстың көне дәстүрі бойынша, жаңа жыл мейрамын Жер-Ана оянып, табиғат қайта түлеген шақта қарсы алған. Жыл басы әрдайым игі ниеттер мен ізгі істермен басталатын. Наурызды ата-бабаларымыз еңбек пен жаңарудың мерекесі ретінде қабылдаған, бұл күндері бұлақтардың көзін ашып, тіршілікке жан беретін ағаштарды отырғызатын.
Өткен жылдан бері Наурыз рухы бұрынғыдан да арта түсті. Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған Наурызнама концепциясы аясында Наурыз қайта жаңғырып, жаңа қырымен көрінуде. Қазақстан қоғамының барлық салаларында халық бірлігі мен рухани қайта жаңғыру сияқты құндылықтардың нығаюына септігін тигізді. Әсіресе, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды ұлықтауға арналған атаулы күндер қайырымдылық, отбасы, ұлттық киімдер, спорт, бірлік және жаңару сынды Қазақстан мәдениетінің терең әрі бай екенін айқын көрсетеді.
Құрметті әріптестер! Осынау Ұлыстың Ұлы күні баршамызға үміттер мен асқақ армандарды жүзеге асыруда және жаңа биіктерге жетуде күш-қуат сыйласын! Сіздерге бақыт пен жақсылық, денсаулық пен өркендеу тілеймін!
Құрметпен,
М.А. Айтхожин атындағы
Молекулярлық биология және
биохимия институты