М.Ә. АЙТХОЖИН АТЫНДАҒЫ МОЛЕКУЛАЛЫҚ БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОХИМИЯ ИНСТИТУТЫ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ

2025 жылдың 7 сәуірінде М.Ә.Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтында Ғылым қызметкерлері күніне орайластырылған Ғылыми кеңестің кеңейтілген отырысы өтті.

Ғылыми кеңес отырысында бас директордың орынбасары Г.А. Исмағұлова институт ұжымын Ғылым қызметкерлері күнімен құттықтап, институт ардагерлерін Наурыз мейрамын тойлауға шақыруды ұсынды.

Ғылыми кеңесте М.Ә.Айтхожин атындағы МББИ-ның 2022-2024 жылдарға арналған қызметі және институттың 2025-2030 жылдарға арналған даму стратегиясы туралы бас директор Қ.О. Шәріповтың есебі тыңдалды. Ғылыми кеңес мүшелері баяндаманы бірауыздан мақұлдады

Skip to content