Қазақстанның табысы күшті ғылымға, заманауи институттарға және жас ғалымдардың белсенді жұмысына негізделген. Мемлекет басшысының бастамасымен қабылданған 2023–2029 жылдарға арналған жоғары білім мен ғылымды дамыту тұжырымдамасы аясында еліміздің ғылыми ұйымдары үшін жаңа мүмкіндіктер ашылуда. Бұл қадамдар, сөзсіз, ғылымның дамуына және Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға маңызды үлес қосады.
Елімізде 12 сәуір – ғылым қызметкерлерінің күні. Бұл дата кездейсоқ таңдалған жоқ, көрнекті ғалым Қаныш Сәтбаевтың дүниеге келген күнімен сәйкес тарихи мәні бар күн. Қазақ халқынан шыққан тұңғыш академиктің ғылым жолын жалғастырып келе жатқан көптеген жас ғалымдарымызды мақтанышпен айтуға болады.
Жаңа технологиялар мен білімді игерусіз ешбір ел дамымайды, сол себепті ғылымға бар уақытын арнаған және тыңбай еңбек етіп жүрген адамдарға құрметпен қарауымыз қажет. Осы орайда, М.Ә. Айтхожин атындағы Молекулярлық биология және биохимия институты молекулалық биология мен биохимия, иммунология және иммунобиотехнология, биомедицина, гендік және жасушалық инженерия салаларында ғылыми жобалар мен бағдарламаларды табысты орындап келеді. Қазақстандық және әлемдік ғылымның дамуына қосқан үлесі зор.
Құрметті әріптестер! Сіздерді Ғылым қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Атқарып жатқан қажырлы еңбектеріңіз, тың бастамаларыңыз бен жобаларыңыз, батыл идеяларыңыз бен бірегей зерттеулеріңіз үшін алғыс айтамын!
Осынау мерекеде ғылым саласына өз өмірін арнаған ғалымдар мен мамандарға зор денсаулық, сарқылмас қуат, ізденіс жолында шабыт және толағай табыстар тілеймін!
Ізгі тілекпен, М.А. Айтхожин атындағы MББИ
Бас директоры, профессор Камалидин Шарипов