2025 жылдың 25 сәуірінде М.Ә. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтында «Advena» компаниясының семинары өткізілді.

Семинарда «Advena» компаниясының сату жөніндегі менеджері Аида Аушахметова негізгі жабдықтың желісі, сондай-ақ «Advena» серіктестері болып табылатын өндіруші компаниялардың молекулалық және жасушалық биология, биотехнология, ақуызды талдау салаларында зерттеулер жүргізуге арналған жабдықтары туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, нуклеин қышқылдарын абсолютті сандық анықтауға арналған Qiagen фирмасының Qiacuity dPCR жүйесі туралы «Цифрлық ПТР негіздері және оны қолдану салалары» атты презентация ұсынылды.

Skip to content