М.Ә.АЙТХОЖИН АТЫНДАҒЫ МОЛЕКУЛАЛЫҚ БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОХИМИЯ ИНСТИТУТЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰРМЕТТЕУ

Наурыз мейрамын және Ғалымдар күнін мерекелеу аясында 2025 жылдың 29 сәуірінде М.Ә.Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтында ғылым ардагерлеріне құрмет көрсету рәсімі өтті.

Институт ардагерлерін құрметтеу олардың білімін, ғылыми жетістіктерін және ғалымдардың жаңа буынына сіңірген тәжірибесін терең тануға мүмкіндік беретін дәстүрлі шараға айналды.

Өзінің кіріспе сөзінде бас директор Қ.О. Шәріпов институттың жетістіктерін атап өтіп, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмаларында және 2024 жылы қабылданған «Ғылыми-техникалық саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңында экономиканың өзекті мәселелерін шешуге және ғылымды коммерцияландыруға байланысты қолданбалы зерттеулерге үлкен рөл берілгенін атап өтті. Ұлттық Құрылтайдың төртінші отырысында да агроөнеркәсіп кешенін сапалы жаңа деңгейге шығару ел экономикасын дамытудың басым бағыттарының бірі екені айтылды. Осы ауқымды мақсаттарға сәйкес институт қазіргі таңда 2023-2025 және 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламаларды жүзеге асыруда және 2025-2027 және 2026-2028 жылдарға арналған екі қолданбалы бағдарлама әзірледі, оның негізгі мақсаттары отандық биотехнологияны дамытуға және импортты алмастыруға бағытталған.

Сондай-ақ институт ардагерлеріне еліміздегі ғылым мен білімнің дамуына және жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.

Құрметті қонақтар — География және су қауіпсіздігі институтының директоры, академик А.Р. Медеу, Қазақстан-Ресей медицина университетінің ректоры, профессор Н.Т. Жайнақбаев, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры А.Т. Иващенко, ардагерлер мен институт қызметкерлері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасын қолдау мақсатында ағаштар мен гүлдер отырғызды.

 

Skip to content