2025 жылдың 22 мамырында М.Ә. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтында ZALMA Ltd. (ЦАЛМА Лтд.) ұйымдастырған Thermo Fisher Scientific компаниясының семинары өткізілді.

Семинар спикері, Thermo Fisher Scientific (Lithuania) компаниясының ТМД-дағы зертханалық өнімдер тобының аймақтық сату жөніндегі менеджері Регимантас Шаулис әлемге әйгілі ғылыми жабдықтарды, реагенттерді, шығын материалдарын және бағдарламалық қамтамасыз етуді өндіруші Thermo Fisher Scientific туралы ақпарат берді.
Ол сондай-ақ компания шығаратын жалпы зертханалық жабдықтар: тоңазытқыштар, мұздатқыштар, центрифугалар, шейкерлер, биологиялық қауіпсіздік шкафтары, инкубаторлар, су тазарту жүйелері, зертханалық шығын материалдары мен аспаптары және т.б. туралы «The heart of every lab» атты презентациясын жасады.
Кездесуге қатысушылар ынтымақтастықты одан әрі дамыту мүмкіндіктерін талқылады.