2025 жылдың 12 маусымында М.Ә. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтында Sartorius компаниясының семинары өткізілді.
Семинар спикері, Sartorius компаниясының Биоаналитика бағыты бойынша сату жөніндегі техникалық маманы Глеб Барсуков «Sartorius компаниясының жасушалар мен ақуыздарды талдауға арналған биоаналитикалық шешімдері (Жасушаларды тірі кезінде талдау платформасы. Ақуыздар мен басқа да метаболиттерді маркерсіз талдау)» тақырыбында презентация ұсынды.
Семинарға М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтының молекулалық иммунология және иммунобиотехнология, құрылымдық және функционалдық геномика, ақуыз және нуклеин қышқылдары, геном, дәнді дақылдар биохимиясы зертханаларының қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар техникалық мәселелерді және болашақтағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.
Семинарды StoLab компаниясы мен М.А. Айтхожин атындағы МББИ ұйымдастырды.