М.Ә. АЙТХОЖИН АТЫНДАҒЫ МОЛЕКУЛАЛЫҚ БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОХИМИЯ ИНСТИТУТЫ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ

2025 жылдың 19 маусымында М.Ә. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтында Ғылыми кеңестің отырысы өтті.

Ғылыми кеңестің отырысында Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, гранттық қаржыландыру және жас ғалымдарға арналған гранттық қаржыландыру шеңберінде орындалып жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстарының аралық нәтижелері тыңдалды. Презентациялармен келесі зерттеушілер сөз сөйледі: биотехнология және молекулалық генетика зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, PhD Галиакпаров Н.Н., ақуыз және нуклеин қышқылдары зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, б.ғ.к. Станбекова Г.Э., геном зертханасының меңгерушісі, б.ғ.к. Исмагулова Г.А., ақуыз және нуклеин қышқылдары зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, б.ғ.к. Низкородова А.С., өсімдіктер биоинженериясы зертханасының меңгерушісі, б.ғ.к. Малахова Н.П., молекулалық иммунология және иммунобиотехнология зертханасының меңгерушісі, PhD Абдолла Н., және осы зертхананың аға ғылыми қызметкері Кали А.

Ғылыми кеңестің отырысында биотехнология және молекулалық генетика зертханасының жетекші ғылыми қызметкерлері PhD Н.Н. Галиакпаров пен PhD К.П. Аубакироваға «10500 – биологиялық ғылымдар» ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын беру туралы құжаттар қаралды. Ғылыми кеңес мүшелері PhD Н.Н. Галиакпаров пен PhD К.П. Аубакированың кандидатураларын бірауыздан қолдады.

Skip to content