Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл!

Құрметті әріптестер, достар!
Сіздерді Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын!
1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған бұл тарихи құжат — біздің мемлекеттік тәуелсіздігіміздің берік негізі әрі құқықтық, әділетті және өркендеген қоғам құрудың сенімді тірегі болды.
«Конституция және мемлекетшілдік: құқық пен болашақтың диалогы» атты конференцияда сөйлеген сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ата Заңның тұрақтылық пен ұлттық бірегейлікті нығайтудағы айрықша рөлін атап өтті:
«Конституция – біздің Тәуелсіздігіміздің мызғымас іргетасы және мемлекетшілдікті нығайтудың сенімді бағдары».
Сондай-ақ ол халқымыздың кемелдігін және Конституцияны орындаудың өмірлік маңызын ерекше атап өтті:
«Қазақстан Конституциясы бүкіл әлемге халқымыздың кемелдігін және оның болашаққа ұмтылысын айқын көрсетіп отыр. Конституцияның әрбір әрпін және рухын қатаң сақтау – жаңа тарихи дәуірдегі еліміздің табысының кепілі».
Бұл сөздер ғылыми қауымдастық үшін ерекше мәнге ие. Өйткені біз Конституцияның маңызын түсініп қана қоймай, құқықтық мәдениетті нығайтуға, азаматтық жауапкершілікті дамытуға және еліміздің тұрақты прогресіне өз үлесімізді қосуға тиіспіз.
Осы күні еліміздің ғылыми әлеуетін арттыруға және қоғамның өркендеуіне үлес қосып жүрген қызметкерлерімізге, серіктестерімізге және барша жанға шынайы алғысымды білдіремін.
Конституция рухы бізге бағдаршам болып, оның құндылықтары мықты, әділетті әрі инновациялық мемлекет құру жолында шабыт сыйлай берсін!
Iзгiниетпет,
М.А. Айтхожин атындағы МББИ бас директоры,
б.ғ.д., профессор Қ.О. Шәріпов
Каз
Рус
Eng