Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы туралы

2025 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Палаталарының бірлескен отырысында «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын жолдады. Бұл – елдің алдағы жылдар мен онжылдықтарға арналған даму бағытын айқындайтын стратегиялық құжат. Онда елдің экономикалық және әлеуметтік жаңғыруының басты мақсаттары мен міндеттері кең ауқымды цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын белсенді енгізу арқылы анық көрсетілген.
Президент негізгі бағыттарды нақты белгіледі: цифрландыру мен жасанды интеллектті енгізу, құқықтық алаңды кеңейту, ашықтықты дамыту, салық мәдениетін арттыру және бизнесті қорғау, сондай-ақ импортқа тәуелділікті азайту.
Өз сөзінде Мемлекет басшысы ғылым, білім және инновацияны басқаруды интеграциялаудың маңыздылығына тоқталды, әсіресе білім экономикасына көшу жағдайында. Инновациялық саясат Ғылым және жоғары білім министрлігінің құзыретіне беріліп, ол Ұлттық ғылым академиясымен бірлесіп, университеттер мен ғылыми-зерттеу институттарының жұмысын үйлестіретін болады.
Мемлекет басшысы дарынды мамандарды, олардың азаматтығына қарамастан, Қазақстанға тартудың және олар үшін елде қалуға жағдай жасаудың қажеттілігіне назар аударды.
Ғылым – Қазақстанның жаһандық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі факторлардың бірі. Мемлекет басшысы ғылымнан қайтарым алу қажеттігін атап өтті: «…Ғылымға негізгі үлесті мемлекет енгізіп отыр, бірақ бюджет қаражатының қайтарымы – жаңа патенттер, технологиялар мен өндірістер түрінде – әлі де жеткіліксіз».
Біз импортқа тәуелділікті азайту мен ішкі әлеуетті арттыруға бағытталған ұмтылысты толығымен қолдаймыз. Ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институттарымен, ауыл шаруашылығы өндірушілерімен, өнеркәсіп және технологиялық стартаптармен тығыз ынтымақтастық арқылы институт отандық биотехнологиялар мен инновациялық шешімдерді дамытып келеді.
М.Ә. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтының бас директоры, профессор Шарипов К.О.
Каз
Рус
Eng