М.Ә. АЙТХОЖИН АТЫНДАҒЫ МОЛЕКУЛАЛЫҚ БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОХИМИЯ ИНСТИТУТЫ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ

2025 жылдың 23 қыркүйегінде М.Ә. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтында Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті.

Ғылыми кеңес мүшелері PhD докторанттары Ангелина Малышева, София Кан, Анжелика Лушова, Нағима Динанова, Ботакөз Тезекбаева және Лейла Надированың баяндамаларын тыңдады. PhD докторанттар өздерінің ғылыми жұмыстарының барысы, нәтижелері және жарияланған мақалалары туралы ақпарат беріп, сұрақтарға жауап берді.

Отырыста молекулалық иммунология және иммунобиотехнология зертханасының меңгерушісі Абдолла Нұршаттың «Созылмалы қабынудағы жағдайындағы миелоидты супрессорлық жасушалар» атты монографиясы қаралып, баспаға ұсынылды.

Сондай-ақ отырыста BR21881942 «Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру мақсатында фитопатогендерге қарсы күрестің биотехнологиялық тәсілдерін әзірлеу» ғылыми-техникалық бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу мәселесі қаралды.

Skip to content