Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институты мен Қарақалпақстан медициналық институты Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің арасындағы стратегиялық серіктестік туралы келісім

Қарақалпақ медициналық институтында халықаралық ғылыми-практикалық конференция! Қарақалпақ медициналық институтында «Арал теңізі аймағы тұрғындарының денсаулығы» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шараға танымал халықаралық ғалымдар, оқытушылар және жетекші медицина мамандары қатысты. 2025 жылдың 23-24 қазанында Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтының бас директоры, профессор Камалидин Шарипов «Омика және жасанды интеллект саласындағы жаңа білімдер мен технологиялар — қоршаған орта мен қоғамдық денсаулық сақтау мәселелерін шешудің негізгі құралдары» тақырыбында баяндама жасап, студенттерге биохимия бойынша дәріс оқыды. Дәрістерде заманауи ғылыми әдістер, медициналық химия мен биохимиядағы инновациялық тәсілдер және халықаралық тәжірибе егжей-тегжейлі қарастырылды.

Каз
Рус
Eng