М.Ә. АЙТХОЖИН АТЫНДАҒЫ МОЛЕКУЛАЛЫҚ БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОХИМИЯ ИНСТИТУТЫ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ

2025 жылдың 18 қарашасында М.Ә. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институтының Ғылыми кеңесінің кезектен тыс жиналысы өтті

Ғылыми кеңестін мүшелері 2025-2027 жылдарға арналған BR28712245 «Жеміс-көкөніс шаруашылығын тұрақты дамытуға арналған молекулалық-генетикалық, биотехнологиялық және биоақпараттық тәсілдерді әзірлеу» ғылыми-техникалық бағдарламасы бойынша орындалған ғылыми-зерттеу жұмыстарының аралық есебін тыңдады. Баяндама бағдарламаның ғылыми жетекшісі, PhD, қауымдастырылған профессор Н.Н. Ғалиақпаров тарапынан ұсынылды.

Жиналыста Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ғылым саласындағы жыл сайынғы сыйлықтары мен мемлекеттік ғылыми стипендияларын алуға арналған конкурсына қатысу үшін кандидаттар талқыланып, ұсынылды.

Институттың Ғылыми кеңесі төмендегі кандидатураларды қолдап, ұсынды:

мемлекеттік ғылыми стипендияға үміткер ретінде – б.ғ.д., профессор К. Шәріпов;

талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияға үміткер ретінде – PhD Б. Алжанұлы.

Skip to content