Қазақстан Республикасының күні құтты болсын!
Құрметті қазақстандықтар!
Қазақстан Республикасының күні құтты болсын!
25 қазан – еліміз үшін маңызды күн! Дәл осы күні, 1990 жылы еліміздің егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл құжат Қазақстанның тәуелсіздігіне негіз болды!
2022 жылдың маусымында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ассамблеяның бірінші отырысында Республика күнін мерекелеуді қайта жаңғыртуды ұсынды.
Егемен Қазақстанның басты тірегі – бірлік пен келісім. Біз күш-жігерімізді біріктіргенде ғана кез келген тапсырманы сәтті жүзеге асыра аламыз!
Қазақстанның тағдыры мен болашағы әрқайсымызға байланысты. Ғылымдағы, оқудағы және келісілген жұмыстағы табыс елдегі өмір сүру деңгейін және азаматтардың әл-ауқатын жақсартады. Халқымыздың тату-тәтті бейбіт өмірі, жастарымыздың болашаққа сеніммен қарауы, келешегіміздің нұрлы, мүмкіндіктеріміздің тең болуы – біздің мақсатымыз.
Баршаңызға зор денсаулық, бақыт, амандық, еңбекте табыс, елімізге гүлдену, ашық аспан, жарқын болашақ тілейміз.
Құрметпен,
М.Ә. Айтхожин атындағы МББИ бас директоры, профессор Қ.О. Шәріпов