Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймыз!

Құрметті әріптестер, достар!
Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймыз!
Көпұлтты еліміздің барлық халықтары мен ұлыстарының мәдениеті мен дәстүрін құрметтеуге негізделген бұл мереке қазақстандық қоғамның бірлігін нығайтады.
Ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасындағы татулық, бірлік пен келісім ортақ табысымыз бен өркендеуіміздің кепіліне айналсын!
Барлығынызға денсаулық, бақыт және өркендеу тілейміз! Әр шаңырақта бейбітшілік пен келісім орнасын!
Құрметпен,
М. Айтхожин атындағы МББИ бас директоры, профессор Қ.О. Шарипов