Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтаймыз!

Құрметті ардагерлер, құрметті әріптестер, достар!
Сіздерді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтаймын!
9 мамыр – тарихтағы ерекше күн! Бұл күні біз 20-ғасырдағы ең сұрапыл да қанды соғыста Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігін қорғаған қаһарман ұрпаққа бас иіп, алғыс айтамыз.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «Біз үшін соғысты еске алу – ең алдымен, қаһармандарды еске алу, олардың жанқиярлығы, ерлігі, борышы мен антына адалдығы. Біз сол сұрапыл соғыста теңдесі жоқ ерлік пен қайсарлық көрсеткен жерлестеріміздің ерлігін әрқашан қастерлейміз».
Олардың ерлігінің арқасында біз өмір сүріп, білім алып, болашақты құрудамыз. Бүгінгі біздің парызымыз – тарихи шындықты көздің қарашығындай сақтау, Жеңіс жадын келер ұрпаққа жеткізу, аталарымыз бен әкелеріміздің ерлігіне лайықты болу.
Әр шаңырақта тыныштық, береке-бірлік, ертеңгі күнге деген сенім болсын! Сіздерге зор денсаулық, бақыт, мейірімділік және батырлар туралы жарқын естеліктер тілеймін!
Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!
Құрметпен,
Қ.О. Шәріпов, М.Ә. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтының бас директоры.