Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні

Құрметті әріптестер, достар!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – ортақ тарихымызды, тәуелсіздігімізді, мәдениетіміз бен рухани құндылықтарымызды еске салатын ерекше мереке. Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – ұлттық бірлік пен мақтаныштың, егемендіктің айшықты белгілері. Олар бейбітшілікке, өркендеуге және әділдікке ұмтылатын халқымыздың күш-қуаты мен абыройын бейнелейді.
Мемлекеттік рәміздер бізді әрқашан игі істерге шабыттандырып, жарқын болашаққа деген сенімімізді нығайта берсін. Барша қазақстандықтарды Отанымыз – Қазақстан Республикасының гүлденуі жолында біріктіре түссін!
Сіздерге бейбіт өмір және амандық тілеймін! Әр күніңіз Отанға деген құрмет пен елімізге деген мақтанышқа толы болсын!