Site icon Институт молекулярной биологии и биохимии им. М. А. Айтхожин» КН МОН РК

Геном зертханасы

Зертхана туралы тарихи мәліметтер

Геном зертханасы 1991 жылы ұйымдастырылды. Қазақстандағы өсімдіктер геномы мен адам геномын зерттейтін алғашқы зертхана. Профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Айтхожина Нағима Әбенқызы осы зертхананың негізін қалаушы және алғашқы меңгерушісі. 2006 жылдан бері Геном зертханасының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты Гүлнар Әкімжанқызы Исмағұлова болып табылады.


Исмағұлова Гүлнара Әкімжанқызы

Биология ғылымдарының кандидаты

Геном зертханасының меңгерушісі

Телефон: 7 (727) 293-71-74 (зертхана); +7 (727) 293-52-13

E-mail: g.ismagulova@imbb.org.kz,  gulnara_ismagulova@hotmail.com,  i_gulnara@mail.ru

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің биология факультетін бітірген (1978-1984). Биохимия мамандығы бойынша, биология ғылымдарының кандидаты (1994). Ғылымдағы еңбек өтілі – 43 жыл.

Ғылыми қызығушылық саласы: Өсімдіктердің функционалдық геномикасы, гендік инженерия, молекулалық эпидемиология, биотехнология.


Ғылымизерттеулердің негізгі бағыттары:

Өсімдіктер геномы – астық тұқымдылардың құрылымды-функционалды геномикасының ұйымдастырылуы, фитопатогендермен зақымдануға қарсы астық тұқымдарының қорғаныштық реакциясының гендер экспрессиясы;

Адам геномы – адам гендерінің ерекшеліктерін және олардың реттелетін аймақтарын қалыпты және патологиялық жағдайларда (сәйкестендіру мутациялар, полиморфизмдер, жою және кірістіру) анықтау, генодиагностика, белгілі ауруларға беймділігін және қауіпті топтарды анықтау;

Палео- және этногеномика – палеогеномдық зерттеулер, археологиялық қазба жұмыстарының биологиялық материалынан ДНҚ, этногеография және Қазақстан халқы популяцияларының этногеномдық зерттеулері.

Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген өсімдіктер, жануарлар мен құстардың генотиптеу – Қазақстанның Қызыл кітабына және Халықаралық Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктердің, жануарлардың, құстардың популяцияларының генетикалық әртүрлілігін анықтау;

Ғарыштық биология және биотехнология – ғарыштық факторлардың жоғары организмдердің белгілі бір түрлеріне әсерін анықтау және олардың негізінде адамдарды қорғау жолдарын анықтау;

Ғылыми жобалар:

2020-2022 жж.

МқБ «Дәнді дақылдардың отандық сорттарын дұрыс тамақтанудың функционалды ингредиенті ретінде β-глюкан синтезі гендерінің болуына бақылау», ғылыми жетекшісі – б.ғ.к. Исмағұлова Г.Ә.

2018-2020 жж.

АР05136045 «Гендік инженерия мен жасушалық технологиялардың инновациялық тәсілдерінің кешенін қолдану негізінде бидай мен картоптың жаңа линияларын алу», ғылыми жетекшісі – б.ғ.к. Скиба Ю.А.

2015-2017 жж.

«Brucella spp. штамдарын молекулалық-генетикалық типтеудің инновациялық технологияларын енгізу негізінде Қазақстанда бруцеллез қоздырғышының айналымына эпидемиологиялық мониторингті жетілдіру», ғылыми жетекшілері – б.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі Айтхожина Н.ә., б.ғ.к. Скиба Ю.А.

Қолданылатын зерттеу әдістері

Полимеразды тізбекті реакция технологиялары (RAPD, CAPS, SCAR, PT-PCR), клондау, секвенирлеу, РНК, ДНҚ және түрлі нысандардағы белоктарды бөліп алу, гендерді оқшаулау, генетикалық құрылымдарды құру, өсімдіктерді трансформациялау, соның ішінде цис-генді, олигонуклеотидтерді синтездеу, плазмидті ДНҚ бөліп алу, нуклеин қышқылдары мен белоктардың электрофорезі, өсімдіктер клеткасын дақылдау.

Ғылыми жетістіктер

Өсімдіктер геномы:

Адам геномы:

Биотехнология:

Өсімдіктердің функционалдық геномикасы мен гендік инженериясы:

Молекулалық эпидемиология, микроорганизмдердің популяциялық және эволюциялық генетикасы:

Exit mobile version