Site icon Институт молекулярной биологии и биохимии им. М. А. Айтхожин» КН МОН РК

Молекулалық иммунология және иммунобиотехнология зертханасы

Зертхана туралы тарихи мәліметтер

Молекулалық иммунология және иммунобиотехнология зертханасы 1997 жылы биология ғылымдарының докторы, профессор Николай Николаевич Беляевтің жетекшілігімен ұйымдастырылып, 2017 жылға дейін басқарылды. 2017-2022 жылдар аралығында зертхананы биология ғылымдарының кандидаты Тiлеулиева Райхан Тiлеулiқызы басқарды. 2023 жылдың қаңтар айынан бастап зертхананың міндетін атқарушы Ph.D докторы Абдолла Нұршат болып тағайындалды.


Абдолла Нұршат

Зертхана меңгерушісінің міндетін атқарушы

Ph.D. докторы (биология)

Телефон: +7 (727) 293-70-92

E-mail: nurshata@gmail.com

Абдолла Нұршат 2012 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін биология мамандығы бойынша бітірді. Ph.D дәрежесін алу үшін диссертациялық жұмыс «Созылмалы қабынудың әртүрлі модельдеріндегі MDSC зерттеуі» тақырыбына арналды. 2020 жылы оған «6D060700 — Биология» мамандығы бойынша Ph.D докторы дәрежесі берілді.

Ол академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында М.Д. Андерсон қатерлі ісік орталығында (Хьюстон, АҚШ), RECETOX қоршаған ортадағы токсикалық қосылыстарды зерттеу орталығында (Брно, Чехия), Вистар институтында (Филадельфия, АҚШ) тағылымдамадан және оқудан өтті.

Абдолла Нұршат 2009-2022 жылдар аралығында М.А. Айтхожин атындағы ИМББ Молекулалық иммунология және иммунобиотехнология зертханасында лаборант, кіші ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істедi. 2023 жылдың қаңтар айынан бастап сол лабораторияның басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

 Абдолла Нұршат «Тәжірибеде альфа-фетопротеиндік иммунитеттің цитотоксикалық конъюгаттары арқылы миелоидты супрессорлық жасушаларды жоюдың және ісіктердің өсуінің әсері» жобасының жауапты орындаушысы болды (2013-2015 жж.). Ол 40-тан астам ғылыми еңбектер жариялады және бір патент алды. H-индексi – 5-ке тең, жалпы дәйексөздер саны – 51. ORCID: 0000-0002-4769-7824. Scopus ID: 57194001982. WoS ID: R-2193-2016.

Ғылыми қызығушылық саласы: жасушалық және молекулалық иммунология.


Ғылыми-зерттеу қызметінің бағыттары

Моноклоналды антиденелерді алу және иммуноферментті тест-жүйесін дамыту

Ғылыми жобалар:

2022-2024 жж.

ИРН АР13067593 «Қартаю кезінде вакцинаға иммундық жауапты реттеудегі MDSC рөлін зерттеу және вакцинацияның тиімділігін арттырудың фармакологиялық тәсілдерін әзірлеу.», ғылыми жетекшісі – Ph.D. докторы Перфильева Ю.В.

2021-2023 жж. 

AP09259390 «SARS-CoV-2 коронавирус антигендерінің нейтрофилдердің, моноциттердің және Т-реттеу жасушаларының қабынуға қарсы белсенділігіне әсерін зерттеу», ғылыми жетекшісі – Ph.D. докторы Остапчук Е.О.

2020-2021 жж.

AP09562010 «Физиологиялық және патологиялық жағдайларда сүйек кемігінің жасушаларынан түзілген миелоидты супрессорлық жасушалардағы NF-κB сигналдық белсенділігі», ғылыми жетекшісі — б.ғ.к. Тiлеулиева Р.Т.

2018-2020 жж.

2AP05131710 «Тәжірибеде ісіктің өсуінің стимуляторы болатын созылмалы қабынуды болдырмау үшін миелоидтық супрессорлық жасушалардың (MDSC) коррекциясына фармакологиялық жолдарды әзірлеу», ғылыми жетекшісі — б.ғ.к. Тiлеулиева Р.Т.

AP05131691 «Т-реттеуші жасушалардың ісік жасушаларының белсенділігіне әсерінің молекулалық механизмдері», ғылыми жетекшісі – Ph.D. докторы Остапчук Е.О.

2015-2017 жж.

5586/Мқ4 «Қартаюға байланысты созылмалы қабынудың дамуындағы миелоидты супрессорлық жасушалардың (MDSC) рөлі», ғылыми жетекшісі – б.ғ.д., профессор Беляев Н.Н.

2555/Мқ4 «Қатерлі ісік жасушаларының (CSC) NK жасушаларының цитотоксикалық әсеріне теріс әсерінің молекулалық механизмдері», ғылыми жетекшісі – Ph.D. докторы Перфильева Ю.В.

Қолданылатын зерттеу әдістері

Жануарлар мен адам жасушаларын өсіру, жасушаларды градиентті тығыздықта изопикникалық центрифугалау, микроскопия, жасушаларды иммуномагнитті бөліп алу, ағынды цитофлюориметрия, гибридома технологиясы, жасушаларды клондау, иммуноферментті анализ, жасуша пролиферациясы мен өлімін өлшеуге арналған радиологиялық емес әдістер, спектрофотометрия, полиакриламидды гелде SDS-электрофорез, ұлпаларды энзиматикалық диссоциялау.

Ғылыми жетістіктер

Exit mobile version