Институттың стратегиялық мақсаты жоғары технологиялар мен құзыреттерге негізделген ғылыми өнімдерді, білім мен дағдыларды іске асыру (коммерцияландыру) арқылы бәсекеге қабілетті, өзін-өзі ақтайтын, серпінді дамып келе жатқан институтты дамыту және қалыптастыру, сондай-ақ ұжымның ұзақ мерзімді және тұрақты жұмысын қамтамасыз ету болып табылады. Қойылған мақсатқа жету үшін біздің басымдықтар:
— менеджменттің базалық тәсілдерін енгізу негізінде қазіргі заманғы халықаралық талаптарға сәйкес институтты басқаруды жаңғырту модернизациялау;
— әлемдік стандарттар деңгейінде жаңа зерттеу құзыреттілігі мен ақпараттық технологияларға ие жоғары кәсіби ғылыми қызметкерлерді қалыптастыру;
— гранттық және бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру шеңберінде іргелі, қолданбалы және инновациялық зерттеулерді жүзеге асыру;
— дайын ғылыми өнімді коммерцияландыру;
— ұлттықтан жоғары жобаларға белсенді қатысу арқылы шетелдік инвестицияларды тарту және халықаралық ғылыми-зерттеу гранттарын алу, алыс шетелдердің ғылыми орталықтарымен ынтымақтастық орнату;
— ҚР БҒМ, ҚР ДСМ және басқа да салалық министрліктер желісі бойынша гранттық қаржыландыруға белсенді қатысу және алу;
— Қазақстан Республикасы БҒМ, ДСМ және АШМ ғылыми орталықтарымен және жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықтасу;
— мемлекеттік-жеке бірлесіп қаржыландыру негізінде қаржыландыру көзін іздеу үшін инклюзивтік инновациялар бойынша консорциумдарға бастамашылық жасау, құру және енгізу/имплементациялау;
— зертханалар қызметкерлерінің шет елдердегі ғылыми орталықтарда біліктілігін арттыру (бірлескен зерттеулер, тағылымдамалар, озық әдістерге оқыту);
-институттың ғылыми бағыттары саласына жататын мамандықтар бойынша елдің жетекші университеттерімен коммерциялық келісім — шарттарды әзірлеу және іске асыру, осы негізде білім беру орталығын құру және магистранттар мен PhD-докторанттар үшін «молекулалық биология», «биомедицина» және «биотехнология» мамандықтары бойынша дуалды білім беруді дамыту;
— ғылыми-метриялық көрсеткіштер және Хирша индексі негізінде Web of Science және Scopus халықаралық деректер базасында Институт қызметкерлерінің ғылыми жарияланымдарының рейтингісін арттыру.