Site icon Институт молекулярной биологии и биохимии им. М. А. Айтхожин» КН МОН РК

Зертхана қызметкерлері

Исмағұлова Гүлнара Әкімжанқызы

Геном зертханасының меңгерушісі

Биология ғылымдарының кандидаты

Тел.: +7 (727) 293-71-74 (зертхана); +7 (727) 293-52-13

E-mail: g.ismagulova@imbb.org.kz, gulnara_ismagulova@hotmail.com, i_gulnara@mail.ru

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің биология факультетін бітірген (1978-1984). Биохимия мамандығы бойынша, биология ғылымдарының кандидаты (1994). 2006 жылдан бастап М.А. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институтында геном зертханасының меңгерушісі. Ғылымдағы еңбек өтілі – 43 жыл.

Ғылыми қызығушылық саласы:

Өсімдіктердің функционалдық геномикасы, гендік инженерия, молекулалық эпидемиология, биотехнология.

Скиба Юрий Александрович

Биология ғылымдарының кандидаты

Жетекші ғылыми қызметкер

E-mail: yuriy.skiba@gmail.com

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биотехнология мамандығы бойынша түлегі (2007 ж.). Молекулалық биология мамандығы бойынша биология ғылымдарының кандидаты (2009 ж.).

2003-2020 жылдар аралығында М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтының геном зертханасының лаборанты, кіші ғылыми қызметкері, ғылыми қызметкері, аға ғылыми қызметкері ретiнде жұмыс iстедi. 2020 жылдан бастап ИМББ геном зертханасының жетекші ғылыми қызметкері.

Ғылыми қызығушылық саласы:

Молекулалық эпидемиология, микроорганизмдердің молекулалық генетикасы, функционалды өсімдіктер геномикасы, гендік инженерия, биотехнология.

Ысқақова Гүлнұр Аюпқызы

Биотехнология магистрі

Ғылыми қызметкер

 

E-mail: g.iskakova83@gmail.com

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биотехнология, генетика және молекулалық биология мамандығы бойынша түлегі (2007). 2017 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің биотехнология магистрі дәрежесіне ие болды. 2018 жылдан қазіргі уақытқа дейін ҚазҰАУ агробиология факультетінде PhD докторантурада білім алуда.

2001-2004 жылдар аралығында өсімдіктер физиологиясы, генетикасы және биоинженериясы институтының лаборанты. 2005 жылдан 2010 жылға дейін М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтының геном зертханасында лаборант, кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. 2010-2015 жылдар аралығында Өсімдіктердің функционалды геномикасы бойынша Австралия орталығының аға ғылыми қызметкері (Аделаида). 2015 жылдан бастап М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтының геном зертханасының ғылыми қызметкері.

Ғылыми қызығушылық саласы:

Өсімдіктердің гендік инженериясы, биотехнологиясы.

Мальцева Элина Романовна

Биотехнология магистрі

Ғылыми қызметкер

E-mail: elina_m@inbox.ru

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биотехнология мамандығы бойынша түлегі (2004). 2006 жылы биотехнология мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды. 2011 және 2014 жылдар аралығында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультетінде PhD докторантурада оқыды.

2002 жылдан бастап М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтының геном зертханасында — лаборант, кіші ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді.

Ғылыми қызығушылық саласы:

Өсімдіктердің функционалдық геномикасы, гендік инженерия, микроорганизмдердің молекулалық генетикасы, биотехнология.

Меңдеш Әсел Мұратқызы

Биология магистрі

Кіші ғылыми қызметкер

E-mail: neobe83@mail.ru

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биотехнология мамандығы бойынша түлегі (2007). 2015 жылы биология магистрі дәрежесі берілді.

2006 жылдан бастап М.А, Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтының геном зертханасында жұмыс істейді.

Ғылыми қызығушылық саласы:

Өсімдіктердің функционалдық геномикасы, биотехнология.

Бисенбай Ақерке Оңғарбайқызы

Биология магистрі

Кіші ғылыми қызметкер

E-mail: akerke.bissenbay@gmail.com

Ақерке Бисенбай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін биотехнология мамандығы бойынша бітірген (2014). 2015 жылы Лос-Анджелес, АҚШ, Оңтүстік Калифорния университетінің Халықаралық тіл академиясында оқыды. 2016 жылы Лондон, Ұлыбритания, Кингс колледжінде биомедициналық және молекулалық ғылымдар бойынша магистр дәрежесін қорғады. 2020 жылдан қазіргі уақытқа дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың PhD докторантурасында білім алуда.

2000 жылдан бастап Айтхожин атындағы Молекулярлық биология және биохимия институтының геном зертханасының қызметкері. Ғылыми еңбек өтілі 22 жыл.

Ғылыми қызығушылық саласы:

Жасушалық және молекулалық биотехнология, микроорганизмдердің молекулалық генетикасы.

Найзабаева Динара Адамжанқызы

Биотехнология магистрі

Кіші ғылыми қызметкер

E-mail: dinara.naizabaeva@gmail.com

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биотехнология мамандығы бойынша түлегі (2016 ж.). 2016-2018 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистратурасында биотехнология мамандығы бойынша оқыды. 2021 жылдан бастап ҚазҰУ-дың PhD докторантурасында оқиды.

2015 жылдан бастап М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтының геном зертханасында жұмыс істейді.

Ғылыми қызығушылық саласы:

Микроорганизмдердің молекулалық генетикасы, биотехнология.

Байжұманова Сәуле Саятқанқызы

Биология ғылымдарының магистрі

Ғылыми қызметкер

E-mail: jansaule_1986@mail.ru

Қазақ ұлттық аграрлық университетін «селекционер-биотехнолог» мамандығы бойынша бітірген (2008 ж.). 2022 жылы «Биология ғылымдарының магистрі» ғылыми дәрежесі берілді.

М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтының лаборанты болып еңбек жолын бастады (2011-2017). 2017 жылдан 2022 жылға дейін Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институтында кіші ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер лауазымдарында жұмыс істеді. 2021 жылдан бастап М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтының геном зертханасының ғылыми қызметкері.

Байсапарова Дина Оралбайқызы

Биология магистрі

Кіші ғылыми қызметкер

e-mail — dina15061976@gmail.com

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология факультетінің түлегі (1994 — 1998). 2020 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология ғылымдарының магистрі дәрежесін алды.

2017-2021 жылдар аралығында Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институтының биология және биотехнология зертханасында жұмыс істеді. 2021 жылдан бастап М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтының геном зертханасының кіші ғылыми қызметкері.
Exit mobile version