Жас ғалымдар кеңесі

ҚР БҒМ ҒК ШЖҚ РМК М. Ә. Айтхожин атындағы «Молекулалық биология және биохимия институтының» Жас ғалымдар кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) жас ғалымдар мен мамандардың кәсіби өсуіне жәрдемдесетін және олардың кәсіби қызмет саласындағы құқықтары мен мүдделерін қорғайтын, тұрақты жұмыс істейтін алқалы кеңесші мүше болып табылады.

Кеңес өз қызметінде «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңын, салалық бағдарламаларды, Қазақстан Республикасының ғылым саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ Институт Жарғысын және осы Ережені басшылыққа алады. Кеңес заңды тұлға болып табылмайды.

Жас ғалымдар кеңесінің мақсаттары

  1. Институттың ғылыми қызметін дамытуға бағытталған бірлескен қызмет үшін жас ғалымдарды біріктіру;
  2. Институттың жас ғылыми қызметкерлері мен мамандары арасында тәжірибе және білім алмасу;
  3. Жастардың ғылыми бастамаларын дамыту және институтта жас ғылыми және кәсіби кадрларды бекіту;
  4. Жас ғалымдардың мәселелерін шешудің тиімділігін арттыру;
  5. Ғылыми білімді және ғылымның жаңа жетістіктерін насихаттау.

Жас ғалымдар кеңесінің міндеттері

  1. Ғылыми жастардың кәсіби өсуіне ықпал ету, жастардың ғылыми бастамаларын дамыту және институтта жас ғылыми кадрларды бекіту;
  2. Жас ғалымдардың ғылыми қызметін ұйымдастырушылық және қаржылық қолдауды қамтамасыз етуге, олардың Қазақстанда және шетелде өткізілетін ғылыми-зерттеу жобалары мен бағдарламаларына, ғылыми тағылымдамаларға, конкурстарға, ғылыми конференциялар мен семинарларға қатысуына жәрдемдесу;
  3. Үздік ғылыми-техникалық өнімге ғылыми конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер мен конкурстар ұйымдастыру және өткізуге жәрдемдесу, жас ғалымдарға мақалалар мен баяндамаларды жариялауға жәрдемдесу;
  4. Ғылыми жастарды ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастыру, ғылыми жастарды қолдау бойынша бос орындар, қорлар, гранттар, конференциялар, мектептер және өзге де іс-шаралар туралы ақпарат беру;
  5. Жас ғалымдарды отандық және шетелдік гранттар бойынша белсенді жұмысқа тартуға көмек көрсету;
  6. Ғылым және жоғары білім Министрлігінің және басқа да министрліктердің сыйлықтарын алуға жас ғалымдардың жұмыстарын ұсыну, дарынды жас мамандарды магистратураға немесе докторантураға ұсыну;
  7. Кеңестің ғылыми және қоғамдық өмірінің түрлі мәселелері бойынша бастамалармен сөз сөйлеу, ғылыми жастардың қызметін оңтайландыру бойынша институт басшылығына ұсыныстар әзірлеу және енгізу;
  8. Жас ғалымдардың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған бастамаларына ықпал ету;
  9. Институттың жас ғалымдарының ғылыми қызметін ынталандыру жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу
  10. Институт басшылығына ғылыми, практикалық, мерекелік және басқа да мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге көмек көрсету.

Жас ғалымдар кеңесінің құрамы:

Толық аты-жөнi

Қызмет атауы

1

Абайлдаев Әсет Оразалыұлы

Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы, б.ғ.м.

2

Абайлдаев Арман Оразалыұлы

Кіші ғылыми қызметкер, Құрылымдық және функционалдық геномика зертханасы, б.ғ.м. 

3

Александрова Алена Михайловна

ғылыми қызметкер, Ақуыз және нуклеин қышқылдары зертханасы, б.ғ.м. 

4

Әшірбеков Елдар Ерланұлы

Құрылымдық және функционалдық геномика зертхана меңгерушісінің м.а., б.ғ.м. 

5

Бейсенов Данияр Қамбарұлы

ғылыми қызметкер, Ақуыз және нуклеин қышқылдары зертханасы, б.ғ.м. 

6

Белқожаев Аяз Маратұлы

Кеңес хатшысы, б.ғ.м.

7

Ерискина Елена Анатольевна

Кіші ғылыми қызметкер, Ақуыз және нуклеин қышқылдары зертханасы,

8

Жигайлов Андрей Викторович

Жетекші ғылыми қызметкер, Ақуыз және нуклеин қышқылдары зертханасы, б.ғ.к.

9

Қали Айқын

Аға ғылыми қызметкер, Молекулалық иммунология және иммунобиотехнология зертханасы, Ph.D. докторы

10

Мальцева Элина Романовна

ғылыми қызметкер, Геном зертханасы, б.ғ.м.

11

Низкородова Анна Сергеевна

Жетекші ғылыми қызметкер, Ақуыз және нуклеин қышқылдары зертханасы, б.ғ.к.

12

Омарбаева Назгүл Айдарбекқызы

 

13

Остапчук Екатерина Олеговна

Жетекші ғылыми қызметкер, Молекулалық иммунология және иммунобиотехнология зертханасы, Ph.D. докторы

14

Перфильева Юлия Викторовна

Жетекші ғылыми қызметкер, Молекулалық иммунология және иммунобиотехнология зертханасы, Ph.D. докторы

15

Скиба Юрий Александрович

Жетекші ғылыми қызметкер, Геном зертханасы, б.ғ.к.

16

Тезекбаева Ботакөз Құлбайқызы

ғылыми қызметкер, Өсімдіктер биоинженериясы зертханасы, б.ғ.м.

 

Show More
Close
Skip to content