Ғылыми кеңес

Ғылыми кеңес ҚР БҒМ ҒК «М.А. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институтының» ШЖҚ РМК консультативтік-кеңесші органы болып табылады, ғылыми-зерттеу және өндірістік-шаруашылық қызметіндегі, биологиялық және медицина ғылымдары саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамыту мәселелері бойынша жүзеге асырылады.

Ғылыми кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы «Ғылым туралы» Заңын, салалық бағдарламаларды, ғылым саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ Институт Жарғысын және осы Ережені басшылыққа алады.

Ғылыми Кеңес туралы ереже 2019 жылғы 15 ақпандағы № 21-а/П бұйрығымен бекітілген.

 Ғылыми кеңестің негізгі міндеттері:

  1. Институттың ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметі мәселелерін қарау, оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу және ұсыныстар енгізу.
  2. Қазақстан Республикасының Президенті және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған Қазақстан Республикасының ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметінің басым бағыттарын іске асыруға жәрдемдесу.
  3. Институт қызметінің стратегиялық және ағымдағы жоспарларын қарастыру.
  4. Бірыңғай мемлекеттік ғылыми-техникалық саясатты қалыптастыру және іске асыруға қатысу бойынша институттың басқа ғылыми ұйымдармен, жоғары оқу орындарымен, ғылыми жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау мәселелерін қарастыру.
  5. Инновациялық қызметті дамыту және Институттың ғылыми нәтижелерін коммерцияландыру мәселелерін қарастыру.
  6. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруын жетілдіру бойынша ұсыныстарды зерделеу және әзірлеу.
  7. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін танымал етуге және насихаттауға қатысу, оларды коммерцияландыруға жәрдемдесу.
  8. Институттың халықаралық ғылыми және ғылыми-техникалық ынтымақтастығын дамытуға жәрдемдесу.
  9. Институттың және оның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді жұмысы бойынша ұсыныстар әзірлеу.

 Ғылыми кеңестің қызметі:

  1. Жоғары тұрған ұйымдар айқындаған ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің басым бағыттарын іске асыру мақсатында институт қызметінің негізгі бағыттары бойынша ұсыныстарды талқылайды және әзірлейді;
  2. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық даму бағдарламаларына, ғылым саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтік актілерге сай ғылыми тұжырымдамаларды ұсыныстарды қарастырады;
  3. Ғылыми-зерттеу бағдарламалары, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар шеңберінде орындалатын жобалар жоспарларын бекіту және іске асыру, олардың нәтижелерін практикалық іске асыру, ғылыми кадрлар даярлау, ғылыми еңбектер басылымдары бойынша ұсыныстарды қарайды және әзірлейді;
  4. Институттың құрылымдық бөлімшелерінің өндірістік қызметі шеңберінде орындалатын ағымдағы ғылыми-зерттеу бағдарламалары мен жобалардың нәтижелері бойынша есептерді қарау және бекіту бойынша ұсыныстарды әзірлейді;
  5. Институттың басқарылуын жетілдіру бойынша, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және тәжірибелік – конструкторлық жұмыстарға (бұдан әрі – ҒЗТКЖ) қаржы қаражатын тиімді пайдалану бойынша мәселелерді талқылайды және ұсынымдар шығарады;
  6. Басқа ғылыми ұйымдармен, жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық мәселелерін қарайды;
  7. Құрылымдық бөлімшелердің, олардың басшылары мен жекелеген ғылыми қызметкерлердің ғылыми, ғылыми-техникалық қызметі туралы есептерді тыңдайды;
  8. Институт жүзеге асыратын жобалар шеңберінде ғылыми-зерттеу жұмыстарының жай-күйі мен орындалу барысын бағалайды. Ғылыми тақырыпқа қатысты ағымдағы мәселелерді шешуге ықпал етеді;
  9. Институттың халықаралық ынтымақтастығы мәселелерін, шетелдік ұйымдармен бірлесіп жүргізілетін ғылыми зерттеулердің орындалу барысын талқылайды, қызметкерлердің шетелдік ғылыми іссапарлар бойынша есептерін тыңдайды;
  10. Ғылыми кадрларды даярлау және біліктілігін арттыруға байланысты мәселелерді талқылайды; ғалымдардың ғылыми кадрларды даярлау жөніндегі жұмысы туралы хабарламаларын жүйелі түрде тыңдайды;
  11. Ғылыми еңбектерді, ғылыми жаңалықтарды және өнертабыстарды мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарға ұсынады;
  12. Ғылымның дамуына үлес қосқан институттың ғылыми қызметкерлеріне ғылыми және құрметті атақтар беруге кандидатуралар ұсынады;
  13. Жеке авторлар мен ұжымдардың, сонымен бірге қызметкерлердің ғылыми еңбектерін жариялауға ұсынады;
  14. Осы Ережеге және институттың ішкі құжаттарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Ғылыми Кеңес құрамы:

Толық аты-жөнi

Қызмет атауы

1

Шарипов Қамалидин Орынбайұлы

Бас директор, Кеңес төрағасы, б.ғ.д.

2

Исмағұлова Гүлнара Әкімжанқызы

Бас директордың орынбасары, Басқарма төрағасының орынбасары, б.ғ.к.

3

Искандарова Күләш Аленқызы

Ғылыми хатшы, б.ғ.к., ғылыми кеңестің хатшысы

4

Абайлдаев Әсет Орынтайұлы

Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы, ғылыми кеңесінің мүшесі

5

Абдолла Нұршат

Молекулалық иммунология және иммунобиотехнология зертхана меңгерушісінің м.а., Ph.D-докторы, ғылыми кеңесінің мүшесі

6

Әшірбеков Елдар Ерланұлы

Құрылымдық және функционалдық геномика зертхана меңгерушісінің м.а., ғылыми кеңесінің мүшесі

7

Ғалиақпаров Нұрбол Нұрпатұлы

Биотехнология және молекулалық генетика зертханасының жетекші ғылыми қызметкерi, Ph.D-докторы, ғылыми кеңесінің мүшесі

8

Жұмабаева Анара Сайлауқызы

Заңгер, комплаенс-офицер, ғылыми кеңесінің мүшесі

9

Жигайлов Андрей Викторович

Ақуыз және нуклеин қышқылдары зертханасының меңгерушісі, б.ғ.к., ғылыми кеңесінің мүшесі

10

Крылдаков Руслан Владимирович

Ақуыз және нуклеин қышқылдары зертханасының аға ғылыми қызметкер, Ph.D-докторы, ғылыми кеңесінің мүшесі

11

Малахова Наталья Петровна

Өсімдіктер биоинженериясы зертханасының меңгерушісі, б.ғ.к., ғылыми кеңесінің мүшесі

12

Остапчук Екатерина Олеговна

Молекулалық иммунология және иммунобиотехнология зертханасының жетекші ғылыми қызметкерi, Ph.D-докторы, ғылыми кеңесінің мүшесі

13

Хакімжанов Айдар Атымтайұлы

Астық тұқымдастар биохимиясы зертханасының меңгерушісі, б.ғ.к., ғылыми кеңесінің мүшесі

Show More
Close
Skip to content